Көлікте электр реверсивті қозғалтқыш бар. Қозғалтқыш қосулы, трансмиссия бейтарап күйде болған кезде реверсивті қозғалтқыш көлікті артқа қозғалту үшін аккумулятор қуатын пайдаланады.
Реверсивті қозғалтқыш жеңіл салмақ, аз арақашықтыққа пайдалануға арналған. Үлкен еңіс жолдар, артқа ұзақ жүру немесе тежегіштер не тұрақ тежегіші қолданулы күінде жүргізу немесе көлікті кедергіге (көмкерме) қарсы жүргізу аккумулятордың зарядын тауысып, артқа жүру автоматты механизмінің тоқтауына себеп болады.
Артқа жүру кезінде тежегіштерді аз қолдану, бірдеңені тарту немесе үлкен еңіс жерден артқа жүріп шығу және көлікті басқа бағытқа жүргізу артқа жүргізу жетегінің босамауына себеп болуы мүмкін. Солай болса, алға тартқанда қатты дыбыс шығады және тұрақ тежегіші қолданылғандай қатты жұлқу сезіледі. Мұндай жағдайда көлікті бірден тоқтатып, жетекті босату үшін оны аздап шайқаңыз. Егер артқа жүргізу жетегі қосулы болып, көлік алға жүргізілсе, реверсивті қозғалтқыш зақымдалуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ
Көлікті алға жүру берілісіне қоймастан немесе реверсивті қозғалтқышты қосудан бұрын, әрдайым толық тоқтатыңыз.
  1. Алдыңғы және/немесе артқы тежегішпен көлікті толық тоқтатыңыз. Тұрақта тұрғанда, тұрақ тежегішінің босатылғанын тексеріңіз.
  2. 1 суреті көріңіз. Көлік оталып, бейтарап күйде тұрғанда, артқа жүру шамы жанғанша, сол жақ басқару жүйесіндегі артқа жүру қосқышын басып тұрыңыз. Басқару құралдары және индикаторлар → Құралдар → Құралдар: FLHTCUTG көріңіз. FLHTCUTG үлгілерінде тахометрдегі шам артқа жүрудің қосылғанын көрсетеді. Басқару құралдары және индикаторлар → Құралдар → Құралдар: FLRT көріңіз. FLRT үлгілерінде спидометрдегі шам артқа жүрудің қосылғанын көрсетеді. Артқа жүру қосқышын жіберіңіз. Артқа жүру шамы қосылғанда, бейтарап шам өшеді.
  3. ЕСКЕРТПЕ
    Электр артқа жүргізуді пайдалану шарттарының сай еместігін көрсету үшін шам жанбайды немесе үш рет жыпылықтайды. Егер шам жанбаса немесе жыпылықтай берсе, көліктің оталғанын, бейтарап күйде тұрғанын және кері ток релесі өшпегенін тексеріңіз.
  4. Электр реверсивті қозғалтқышты пайдалану үшін артқа жүру қосқышын басып тұрыңыз. Артқа жүру қосқышын басып тұрғанда, мотоцикл артқа қозғала береді. Қозғалтқыш тоқтағанда немесе мотоцикл алдыңғы беріліске ауысқанда, артқа жүру автоматты түрде өшеді.
  5. ЕСКЕРТПЕ
    • Көліктің артқа жүру жылдамдығына беткі еңіс жер әсер етеді. Төбеден артқа жүріп түскенде, артқа жүру жылдамдығын бақылау үшін алдыңғы және артқа тежегіштерді пайдаланыңыз. Жаяу жүру жылдамдығынан асырмаңыз және көлікті баяулатуға не тоқтатуға дайын болыңыз.
    • Көліктің артқы жағы әдеттегі мотоциклден үлкен. Маневр жасағанда, арақашықтығын дұрыс тексеріңіз.
    • Егер реверсивті қозғалтқыш істемесе, кері ток релесін қалпына келтіру үшін Техникалық қызмет және майлау → Реверсивті қозғалтқыш кері ток релесі көріңіз.
  6. Артқа жүру қосқышын жіберіңіз. Көлікті тоқтату үшін қажетінше тежеңіз.
  7. Алдыңғы беріліске ауыстырып, бірқалыпты жүргізіңіз немесе оталдыру қосқышын OFF күйіне қойып, тұрақ тежегішін қолданыңыз.
1Артқа жүру қосқышы
1 суреті. Артқа жүруді басқару құралдары