Мотоциклді сыртқы көзден іске қосу әдетте ұсынылмайды. Дегенмен, қажет болып қалатын жағдайлар болуы мүмкін. Егер сыртқы қуаттан оталдыру қажет болса, төмендегі процедураны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ
Жылдам оталдырғыш кабельдердің аккумулятордағы тиісті терминалдарға немесе шанаққа қана тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз. Жылдам оталдырғыш кабельдердің бір-біріне тиіп қалуынан от ұшқыны шығып, аккумулятордың жарылуы мүмкін, соның салдарынан адам өлімі немесе ауыр жарақат болуы мүмкін. (00072a)
ЕСКЕРТУ
Зарядтау кезінде шығатын жарылғыш сутегі газы өлімге немесе ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін. Батареяны жақсы желдетілетін аймақта зарядтаңыз. Ашық жалын, электрлік ұшқындар және түтін материалдарын батареядан алыс ұстаңыз. АККУМУЛЯТОРЛАРДЫ БАЛАЛАРДАН АЛЫС ҰСТАҢЫЗ. (00065a)
ХАБАРЛАНДЫРУ
Сыртқы көзден іске қосу кезінде екі көлікте де аккумулятор кернеулерінің бірдей екеніне көз жеткізіңіз. Жүйе кернеулері әр түрлі көліктерді жалғау көліктің зақымдалуына себеп болуы мүмкін. (00220c)
ЕСКЕРТПЕ
  1. Барлық қажетсіз шамдар мен керек-жарақтарды өшіріңіз.
Оң полюсті кабель
  1. 1 суреті көріңіз. Жалғастырғыш кабельдің бір ұшын ЗАРЯДСЫЗДАНҒАН аккумулятордың оң клеммасына (1) жалғаңыз.
  2. Сол кабельдің екінші ұшын КЕРНЕУҚОСАР аккумулятордың теріс клеммасына (2) жалғаңыз.
Теріс полюсті кабель
ЕСКЕРТУ
Теріс полюсті (-) кабельді зарядсызданған аккумулятордың теріс (-) клеммасына немесе жанына жалғамаңыз. Солай істеуден от ұшқыны шығып жарылыс болуы мүмкін, соның салдарынан адам өлімі болуы немесе ауыр жарақат алуы мүмкін. (00073a)
1. Жалғастырғыш кабельдің бір ұшын КЕРНЕУҚОСАР аккумулятордың теріс (-) клеммасына (3) жалғаңыз.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Теріс полюсті (-) кабельді боялған не хром бөлшектерге жалғамаңыз. Оны сақтамаудан бекітілген жердің түсі өзгеруі мүмкін. (00221a)
2. Сол кабельдің екінші ұшын (4) қауіпсіз шанаққа (ЗАРЯДСЫЗДАНҒАН аккумулятордан алыс) жалғаңыз.
3. Мотоциклді оталдырыңыз.
4. 2, 3, 4, 5 қадамдардағы әрекеттер тәртібіне кері жолмен кабельдерді ажыратыңыз; яғни: 5, 4, 3, 2 қадамдар.
1Зарядсызданған аккумулятордың оң (+) клеммасы
2Кернеуқосар аккумулятордың оң (+) клеммасы
3Кернеуқосар аккумулятордың теріс (-) клеммасы
4Шанақ
1 суреті. Сыртқы қуаттан оталдыру кабелін жалғау