Ең бастысы қауіпсіздік → Қауіпсіз пайдалану ережелері бөлімін көріп, мына қауіпсіздік процедураларын көріңіз.
ЕСКЕРТУ
Төгілуіне жол бермеңіз. Отын толтырғыш қақпағын баяу ашыңыз. Жанармайдың жайылуына орын қалдыра отырып, құятын қылта мойыны астынан жоғары етіп толтырмаңыз. Толтырғаннан кейін шығанақ қылтасын бекітіңіз. Бензин өте тез тұтанғыш әрі жоғары деңгейде жарылғыш болып келеді, нәтижесінде өлімге не ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. (00028b)
ЕСКЕРТУ
Ашық жалын, тұтандырғыштар, от ұшқыны немесе электр моторлар бар үйде немесе көлікжайда багында бензин бар мотоциклді қоймаңыз. Бензин өте тез тұтанғыш әрі жоғары деңгейде жарылғыш болып келеді, нәтижесінде өлімге не ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. (00003a)
ЕСКЕРТУ
Қосалқы бөлшектер базарындағы отын қақпақтарын пайдаланбаңыз. Қосалқы бөлшектер базарындағы жанармай қақпақтары дұрыс киілмей, сұйықтық ағуы мүмкін, соның салдарынан адам өлімі немесе ауыр жарақат болуы мүмкін. Мақұлданған отынқақпақтарын Harley-Davidson дилерінен біліңіз. (00034a)
ХАБАРЛАНДЫРУ
Отынды құйып жатқан кезде мотоциклге төгіп алмаңыз. Мотоциклге төгілген сұйықтықты дереу сүртіп алыңыз. Отын сыртқы беттерін бүлдіруі мүмкін. (00147b)
ХАБАРЛАНДЫРУ
Каталитикалық конвертері бар мотоциклдерде этилденбеген отынды ғана пайдаланыңыз. Этилденген отынды пайдалану салдарынан шығарындыларды бақылау жүйесі зақымдалады. (00150c)
FLHR/FLHRC
1 суреті көріңіз. Жанармай толтырғыштың қақпағы жанармай багының оң жағында орналасқан. Кейбір көліктерде құлыптайтын жанармай қақпағы бар.
Сол жағындағы қақпақ – жанармай өлшеуіш. Жанармай өлшеуішті алынбайды.
Басқа үлгілер
Жанармай толтырғыштың қақпағы жанармай багындағы қосқыш түйменің немесе құлыптайтын есіктің астында орналасқан.
Қосқыш түймелі жанармай багының қақпағы:2 суреті көріңіз. Есікті ашу үшін түймені басыңыз.
Құлыптайтын жанармай багының қақпағы:3 суреті көріңіз. Оталдыратын кілтпен жанармай багы қақпағының құлпын ашыңыз. Кілтті алып, жанармай багының қақпағын жабу арқылы жанармай багының қақпағын құлыптаңыз.
Жанармай толтырғыш қақпағы
Алыңыз: Алу үшін жанармай толтырғыштың қақпағын сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Орнатыңыз: Орнына түскенше жанармай толтырғыштың қақпағын сағат тілі бойынша бұраңыз. Қақпақты зырылдақпен тарту қатты қатайып қалуға жол бермейді.
1Жанармай деңгейін өлшеуіш
2Жанармай толтырғыш қақпағы
1 суреті. Жанармай багы: FLHR/FLHRC
1Қосқыш түйме
2Жанармай қақпағы
2 суреті. Қосқыш түймелі жанармай багының қақпағы
1Құлыптау
2Құлыптан босату
3 суреті. Жанармай багының қақпағын құлыптау