Радио, динамиктер және басқа аудио жүйесінің құрамдастарын жақсы күйде сақтау үшін Harley-Davidson компаниясы ұсынған өнімдер мен әдістерді ғана пайдаланыңыз. Экран немесе басқа құрамдастарды тазалау үшін ысқыш, жылтырату немесе үйкелу қоспаларын пайдаланбаңыз. Экранға ешқандай аммиакқа негізделген тазалау құралдарын пайдаланбаңыз. Басқа өнімдер немесе әдістерді пайдалану салдарынан құрамдастар зақымдалуы мүмкін.
Ауыстыруға болатын экран протекторы
Boom! Box 6.5GT радиоларында ауыстыруға болатын экран протекторы бар. Протекторды үнемі экранда сақтаңыз. Экранды протекторсыз пайдалану салдарынан орын алған зақымға кепілдік берілмейді. Протектор өтпейтін, сызат түскен немесе тозған бола бастаса, оны алып, ауыстырыңыз.
Радионы тазалау
МҰҚИЯТ ТАЗАЛАЙТЫН МИКРОТАЛШЫҚТЫ ШҮБЕРЕККЕ (MICROFIBER DETAILING CLOTH) HARLEY GLOSS сұйықтығын аздап бүркіңіз. Шөгінділерді экранға ысқыламай, абайлап алыңыз. Ортадан сыртқа қарай айналдырып алыңыз. Экранды құрғату үшін МҰҚИЯТ ТАЗАЛАЙТЫН МИКРОТАЛШЫҚТЫ ШҮБЕРЕКТІ (MICROFIBER DETAILING CLOTH) пайдаланыңыз. Процесті қажетінше қайталаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Экранның күшейту химикаттарын немесе өнімдерін пайдаланбаңыз. Олар экранның бетін зақымдауы мүмкін.
Динамик күтімі
Қорғауыш торы бар динамиктерде қырау пайда болса, тазалау үшін HARLEY ОРЫНДЫҒЫ (HARLEY SEAT), ОРЫНДЫҚ СӨМКЕСІ (SADDLEBAG) ЖӘНЕ ӘШЕКЕЙ ТАЗАЛАУ ҚҰРАЛЫ (TRIM CLEANER) сұйықтықтарын және ЖҰМСАҚ ШҮБЕРЕК (SOFTCLOTH) немесе МҰҚИЯТ ТАЗАЛАЙТЫН ЖҰМСАҚ ЖАСТЫҚШАНЫ (SOFT DETAILING PAD) пайдаланыңыз. Динамик торларына балауыз немесе басқа балама өнімдерді қолданбаңыз.
Сығылған немесе күштеп айдалатын ауаны динамиктерге пайдаланбаңыз.
Динамиктер орындыққа орнатылған көліктер судың кіруін болдырмау үшін және жуған кезде және кез келген ауа райында жүргізген кезде судың ағуы үшін жасалған. Орындық динамиктерінде тұрып қалған суды төгу үшін орындықтарды ашып, динамиктерде қалған суларды ақырындап сілкіңіз.