Harley-Davidson компаниясы қалыпты пайдалану және қызмет көрсету жағдайында төмендегі мерзімдердің ішіндегі ең ертесінен бастап жиырма төрт (24) ай шегінде Harley-Davidson радиоқабылдағышында зауыттық материал мен жұмыс ақаулықтарының болмауына кепілдік береді: (a) радиоқабылдағыш орнатылған мотоциклді алғашқы бөлшектеп сатып алу күні; (b) радиоқабылдағыш орнатылған мотоцикл үлгісі жылының соңғы күнінің үшінші жылдығы. Шектеулі кепілдік мерзімі аралығында мотоцикл қайта сатылса, осы шектеулі кепілдіктің қолданыстағы бөлігі келесі пайдаланушы(лар)ға беріледі. Егер мотоцикл көрсетілімге арналған үлгі немесе компанияның таныстырушылық мотоциклі ретінде пайдаланылса, шектеулі кепілдік мерзімі бөлшектеп сатуға дейін басталып кетуі және/немесе аяқталуы мүмкін. Толық мәліметтерді Harley-Davidson өкілетті дилерінен сұрауыңызға болады.
Бұл шектеулі кепілдік ережелерге сәйкес пайдаланбау, дұрыс пайдаланбау, дұрыс орнатпауға байланысты туындаған ақаулықтар мен зақымдарды және коллекция жиюшы көлігі ретінде тіркелген кез келген Harley-Davidson мотоцикліндегі радиоқабылдағыш. Сенсорлы экраны бар радиоқабылдағыштар ауыстырылатын қорғаныс қабатымен қапталған. Осы қорғаныс қабатынсыз пайдалануға байланысты болған радиоқабылдағыш зақымы кепілдікпен қамтылмайды. Қорғаныс қабаты Harley-Davidson өкілетті дилерінен сатып алуға болатын тиімді ауыстырмалы бөлік болып табылады. Қорғаныс қабатының тозуы немесе зақымдалуы кепілдікте қарастырылмайды. Сондай-ақ шектеулі кепілдікте үйлесімсіз телефон немесе басқа деректерді сақтау құрылғынан (MP3, жад картасы, т.б.) туындаған стнхрондау мәселелері мен радиоқабылдағыштың дұрыс жұмыс істемеуі қамтылмайды. Толық мәліметтерді Harley-Davidson өкілетті дилерінен сұрауыңызға болады. Сатудан кейін орнатылатын бөлшектерді пайдалану шектеулі кепілдік күшінің толықтай немесе жартылай жойылуына әкелуі мүмкін.
Кепілдік бойынша қызметті алу үшін шектеулі кепілдік кезеңінің ішінде зақымдалмаған күйдегі мотоциклді Harley-Davidson өкілетті дилеріне өз қаражатыңыздың есебінен қайтарыңыз. Harley-Davidson өкілетті дилерлері өкілетті дилердің қызметтік қызмет көрсету бөліміндегі жұмыс режимі мен қажетті бөлшектердің қолжетімділігіне байланысты стандартты жұмыс уақытында кепілдікті рәсімдей алатын болуы қажет.
Осы кепілдік шарттарының бұзулуын түзету ақауланған деп танылған бөлшектерді жұмыстар мен бөлшектер үшін ақысыз жөндеп не ауыстырып берумен (жөнделген радиоқабылдағышпен ауыстыру кіруі мүмкін) тікелей шектеледі ЖӘНЕ АҚАУЛАНҒАН ДЕП ТАНЫЛҒАН БӨЛШЕКТЕРДІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУЫНДАҒАН ЗИЯНДАР НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАР (УАҚЫТ ШЫҒЫНЫ, ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫН НЕМЕСЕ КӨЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІН ЖОҒАЛТУДЫ ҚОСА АЛҒАНДА) ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚАМТЫМАЙДЫ.
РАДИОҚАБЫЛДАҒЫШ БОЙЫНША БАСҚА ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛДІКТЕР ЖОҚ. ОСЫ РАДИОҚАБЫЛДАҒЫШҚА ҚАТЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН ЖАНАМА КЕПІЛДІКТІҢ ӘСЕРІ (КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛЫЛЫҚ НЕМЕСЕ НАҚТЫ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ БОЙЫНША КЕПІЛДІКТЕРМЕН ҚОСА) ОСЫ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК МЕРЗІМІМЕН ТІКЕЛЕЙ ШЕКТЕЛЕДІ.
ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ HARLEY-DAVIDSON КОМПАНИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ДИЛЕРЛЕРІ УАҚЫТ ШЫҒЫНЫ, ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАР, ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МОТОЦИКЛДІҢ ЖОҒАЛУЫ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР НЕМЕСЕ БАСҚА ДА КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ САЛДАР РЕТІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ЗАҚЫМДАР ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Кейбір елдерде кездейсоқ немесе салдар ретінде туындайтын зақымдарды қоспауға немесе шектеуге рұқсат берілмейді, сондықтан жоғарыдағы шектеу немесе ерекшелік сізге қатысты қолданылмауы мүмкін..
Басқа құқықтар
Бұл кепілдік сізге ерекше заңды құқықтар береді. Сондай-ақ еліңізге байланысты сіз басқа да құқықтарға ие болуыңыз мүмкін.