Ең бастысы қауіпсіздік → Қауіпсіз пайдалану ережелері бөлімін көріп, мына қауіпсіздік процедураларын көріңіз.
ЕСКЕРТУ
Төгілуіне жол бермеңіз. Отын толтырғыш қақпағын баяу ашыңыз. Жанармайдың жайылуына орын қалдыра отырып, құятын қылта мойыны астынан жоғары етіп толтырмаңыз. Толтырғаннан кейін шығанақ қылтасын бекітіңіз. Бензин өте тез тұтанғыш әрі жоғары деңгейде жарылғыш болып келеді, нәтижесінде өлімге не ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. (00028b)
ЕСКЕРТУ
Ашық жалын, тұтандырғыштар, от ұшқыны немесе электр моторлар бар үйде немесе көлікжайда багында бензин бар мотоциклді қоймаңыз. Бензин өте тез тұтанғыш әрі жоғары деңгейде жарылғыш болып келеді, нәтижесінде өлімге не ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. (00003a)
ЕСКЕРТУ
Қосалқы бөлшектер базарындағы отын қақпақтарын пайдаланбаңыз. Қосалқы бөлшектер базарындағы жанармай қақпақтары дұрыс киілмей, сұйықтық ағуы мүмкін, соның салдарынан адам өлімі немесе ауыр жарақат болуы мүмкін. Мақұлданған отынқақпақтарын Harley-Davidson дилерінен біліңіз. (00034a)
ХАБАРЛАНДЫРУ
Отынды құйып жатқан кезде мотоциклге төгіп алмаңыз. Мотоциклге төгілген сұйықтықты дереу сүртіп алыңыз. Отын сыртқы беттерін бүлдіруі мүмкін. (00147b)
ХАБАРЛАНДЫРУ
Каталитикалық конвертері бар мотоциклдерде этилденбеген отынды ғана пайдаланыңыз. Этилденген отынды пайдалану салдарынан шығарындыларды бақылау жүйесі зақымдалады. (00150c)
1 суреті көріңіз. Отын багын шамадан тыс толтырмаңыз. Сорғы бүріккішін құятын мойын саңылауына салыңыз. Бакты құятын қылта мойны астынан асырмай толтырыңыз. Жылы қозғалтқыш, күн немесе аса жоғары температура көрсеткіштері отынның кеңеюіне себеп болады. Отын бактан төгіліп, бөлімді зақымдауы мүмкін. Ең бастысы қауіпсіздік → Қауіпсіз пайдалану ережелері көріңіз.
1 суреті. Құятын қылта мойнынан төмен отын деңгейі
FLRT
2 суреті көріңіз. Жанармай толтырғыштың қақпағы жанармай багының оң жағында орналасқан.
Сол жағындағы қақпақ - жанармай өлшеуіш. Жанармай өлшеуішті алынбайды.
FLHTCUTG
Отын толтырғыштың қақпағы отын багындағы қосқыш түйменің немесе құлыптайтын есіктің астында орналасқан.
Қосқыш түймелі отын багының қақпағы:3 суреті көріңіз. Есікті ашуға түймені басыңыз.
Құлыптайтын отын багының қақпағы:4 суреті көріңіз. Оталдыратын кілтпен жанармай багы қақпағының құлпын ашыңыз. Кілтті алып, жанармай багының қақпағын жабу арқылы жанармай багының қақпағын құлыптаңыз.
Отын толтырғыш қақпағы
Алу: Алу үшін отын толтырғыштың қақпағын сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Жанармайды төгіп алмау үшін бакқа ақырын құйыңыз. Құятын қылта мойыны енгізілімі астынан асырмай құйыңыз. Жанармайдың кеңеюіне жеткілікті ауа қалдырыңыз. Қатты толған бактен кеңею пайда болып, толтырғыштың қақпағындағы тесіктен сыртқы ортаға жанармай ұшып кетуі мүмкін.
Орнату: Орнына түскенше отын толтырғыштың қақпағын сағат тілі бойынша бұраңыз. Қақпақтың тіреуіш әсері оның қатайып қалуына жол бермейді.
1Отын деңгейін өлшеуіш
2Отын толтырғыш қақпағы
2 суреті. Отын багы: FLRT
1Түйме
2Жанармай қақпағы
3 суреті. Қосқыш түймелі жанармай багының қақпағы
1Құлыптау
2Құлыптан босату
4 суреті. Жанармай багының қақпағын құлыптау