Біз сізді ойлаймыз
Harley-Davidson мотоциклистер тобына қош келдіңіз! Harley-Davidson мотоциклін пайдаланған кезде міндетті түрде заң мен қабілеттеріңіз шегінде қауіпсіз, құрметпен мініп жүріңіз. Каска, тиісті көзілдірік және қорғаныс киімін киіп, жолаушыңызға да кигізіңіз. Алкоголь немесе наркотик қабылдаған күйде ешқашан жүргізбеңіз. Harley мотоцикліңізді танып біліңіз және пайдаланушы нұсқаулығының әрбір бетін оқып түсініңіз.
Бұл нұсқаулық жұмыспен танысуға, мотоциклді күту және оған техникалық қызмет көрсету және сізге маңызды қауіпсіздік ақпаратын қамтамасыз етуге арналған. Максималды мотоцикл өнімділігі мен жеке жүргізу қауіпсіздігі және қолданысы үшін осы нұсқауларды мұқият орындаңыз. Пайдаланушы нұсқаулығы жұмыс нұсқауларынан және жеңіл техникалық қызметтен тұрады. Негізгі жөндеу жұмыстары Harley-Davidson қызмет нұсқаулығында қамтылады. Бұндай негізгі жөндеу жұмыстары білікті техниктің араласуын және арнайы құралдар мен жабдықты пайдалануды қажет етеді. Harley-Davidson дилерінде осы маңызды қызметті дұрыс көрсетуге қажет қондырғылар, тәжірибе мен Genuine Harley-Davidson бөлшектері бар. Шығаратын жүйеге техникалық қызмет көрсету жұмысын өкілетті Harley-Davidson дилері арқылы орындалуын ұсынамыз.
Жүргізуші қауіпсіздігі курсына қатысыңыз. Harley-Davidson Riding Academy курсына қатысу үшін 1-414-343-4056 (АҚШ) нөміріне хабарласыңыз немесе www.harley-davidson.com/learntoride торабына өтіңіз. Америка Құрама Штаттарында Motorcycle Safety Foundation курстары туралы ақпарат үшін 1-800-446-9227 нөміріне хабарласыңыз немесе www.msf-usa.org торабына кіріңіз.
Америка Құрама Штаттарындағы пайдаланушылар
Harley-Davidson мотоциклі шығарылған күннен бастап барлық қолданбалы АҚШ Федералдық моторлы көлік қауіпсіздігі стандарттарына және АҚШ қоршаған орта қорғанысы агенттігі ережелерінің талаптарына сай келеді. Америка мотоциклистер қауымдастығына кіру арқылы жүргізу басымдығын қорғаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін www.americanmotorcyclist.com сайтына өтіңіз.
Harley-Davidson ұйымы хабарлаусыз және міндеттемесіз кез келген уақытта сипаттамаларды, жабдықты немесе дизайндарды өзгертуге құқылы.