АҚШ пайдаланушылары 49-штаттың шектеулі шығыстар кепілдемесі
Келесі шектеулі кепілдік пайдаланылған газдың улылығын басқару жүйесіне қолданылады, МОТОЦИКЛ БОЙЫНША ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК пен ШУДЫ БАСАТЫН ЖҮЙЕ БОЙЫНША ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІККЕ қосымша кепілдік болып табылады және тек сату үшін сертификатталған, тіркелген және қалыпты жағдайларда АҚШ-та пайдалануға арналған Harley-Davidson мотоциклдеріне қолданылады. Калифорния бойынша мотоциклдерге қолданылатын қосымща кепілдік шарттарын КАЛИФОРНИЯНЫҢ ШЫҒАРЫЛҒАН ГАЗ УЛЫЛЫҒЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША КЕПІЛДІК НҰСҚАУЫНАН көріңіз.
Harley-Davidson компаниясы бірінші пайдаланушы мен әрбір кейінгі пайдаланушыға осы мотоциклдің сату сәтінде Америка Құрама Штаттарының Заңдар жинағының 42-тарау, 7521-бөліміндегі талаптарға сәйкес келетіндей етіп әзірленіп, жасалғанына және Harley-Davidson өкілетті дилерінен бастапқы бөлшектеп сатып алынып, жеткізілгеннен кейінгі бес (5) жыл ішінде (немесе мотоцикл жеткізілмес бұрын көрсетілімге арналған немесе компанияның таныстырушылық мотоциклі ретінде пайдаланылған болса, ол алғаш рет пайдалануға берілгеннен бастап бес (5) жыл ішінде) немесе алғашқы 30.000 km (18641 mi) қашықтықтан кейін (мұнда аталғандардың ішіндегі ең бірінші орын алған ақаулық қарастырылады) осы мотоциклді ережелерге сай келмеуіне алып келуі мүмкін зауыттық материал мен жұмыс ақаулықтарының жоқтығына кепілдік береді. Кепілдік мерзімі уақытында мотоциклді қайта салып алу шарты бойынша, бұл шектеулі кепілдіктің жарамдылық мерзімі бітпеген бөлігі кейінгі иелеріне тасымалданады.
МОТОЦИКЛ БОЙЫНША БАСҚА ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛДІКТЕР (БАСҚА МОТОЦИКЛ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ШУЫЛҒА ҚАТЫСТЫ КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАСҚА) БЕРІЛМЕЙДІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛЫЛЫЛҚ НЕМЕСЕ НАҚТЫ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ БОЙЫНША КЕЗ КЕЛГЕН ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ КҮШІ ОСЫ КЕПІЛДІКТІҢ МЕРЗІМІНІҢ ҰЗАҚТЫҒЫМЕН ШЕКТЕЛЕДІ.
Кейбір елдерде жанама кепілдіктің мерзіміне шектеу қоюға рұқсат берілмейді, сондықтан жоғарыдағы шектеу сізге қатысты қолданылмауы мүмкін.
Шектеулі кепілдік мерзімі мотоцикл алғашқы бөлшектеп сатып алушыға жеткізілген күннен немесе бөлшектеп сатуға дейін мотоцикл көрсетілімдерге арналған немесе компанияның таныстырушылық мотоциклі ретінде пайдаланылса, мотоцикл пайдалануға берілген бірінші күннен басталады.
ЭМИССИЯ ДЕҢГЕЙІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІКТЕ ТӨМЕНДЕГІ ЭЛЕМЕНТТЕР ҚАМТЫЛМАҒАН
  1. Пайдаланушы нұсқаулығында сипатталғандай дұрыс пайдаланбау, қолдан жасау, өзгерістер енгізу, оқыс оқиға, табиғи апаттар немесе дұрыс емес не орынсыз техникалық қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын ақаулықтар.
  2. Қажетті техникалық қызметтер (пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей) және қажетті техникалық қызмет көрсетуде пайдаланылатын бөлшектерді ауыстыру (оталдыру шамдары, жанармай және май сүзгілері және т. б. сияқты).
  3. Жүріс есептеуіші жүрілген жолды анықтауға болмайтындай етіп өзгертілген кез келген мотоцикл.
  4. ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ HARLEY-DAVIDSON КОМПАНИЯСЫ ДА, ОНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ДИЛЕРЛЕРІ ДЕ УАҚЫТ ШЫҒЫНЫ, ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАР, КӨЛІКТІ СҮЙРЕУ, ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МОТОЦИКЛДІҢ ЖОҒАЛУЫ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР НЕМЕСЕ БАСҚА ДА КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ САЛДАР РЕТІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ЗАҚЫМДАР ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Кейбір мемлекеттерде кездейсоқ не жанама шығындарға жауап бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген шектеулер не ерекшеліктер сізге қатысты болмауы мүмкін.
Пайдаланылған газдың улылығы бойынша кепілдік қамтитын тармақтар
Егер ақаулық пайдаланылған газға байланысты екені анықталса, бөлінген газды бақылайтын жүйенің кепілдігі төмендегі бөліктерді қамтуы мүмкін:
Жанармай багі (косметикалық емес ақаулықтар ғана)
Мына көрсеткіштен жоғары пайдаланылса: шлангілер, қысқыштар, фитингілер, түтіктер, тығыздауыш төсемдер және бекіту жабдығы.
Тиісті техникалық қызмет көрсету және мотоцикл қолданысы, оған қоса бұндай техникалық қызмет көрсету жұмыстарының орындалу уақыты және/немесе жол жүру ұзақтығы аралықтары туралы толыққанды ақпаратты осы пайдаланушы нұсқаулығының Қызмет көрсету интервалдары және жазбалары → Қызмет жазбалары бөлімінен табуға болады.
Басқа құқықтар
Бұл шектеулі кепілдік сізге ерекше заңды құқықтар береді. Сонымен бірге еліңізге байланысты сіз басқа да құқықтарға ие болуыңыз мүмкін.
Міндетті техникалық қызмет көрсету бойынша ұсыныстар
Кез келген шығаратын жүйесіне қатысты техникалық қызмет көрсету жұмыстарын Harley-Davidson өкілетті дилеріне тапсыру және түпнұсқалық Harley-Davidson бөлшектерін пайдалану ұсынылады. Дегенмен, шығысты басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету, ауыстыру немесе жөндеу жұмыстарын кез келген басқа маманданған қызмет көрсету орны немесе жеке тұлға жасай алады. Түпнұсқалық Harley-Davidson бөлшектері болып табылмайтын бөлшектерді АҚШ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Агенттігінің стандарттарына сәйкестігі куәландырылған болса пайдалануға болады.