24 ай/шексіз mi
2020 жылғы Harley-Davidson мотоциклін қалыпты жағдайда пайдалану кезінде зауыттық материалдарда немесе өндіру жұмыстарының сапасында ақаулықтар анықталса, Harley-Davidson компаниясы Harley-Davidson дилерінің ақауланған бөлшектерді ақысыз жөндеп не ауыстырып беретініне кепілдік береді. Мұндай ақауланған бөлшектерді жөндеу немесе ауыстыру осы шектеулі кепілдік шеңберіндегі Harley-Davidson компаниясының жалғыз міндеттемесі, ал сіз үшін құқықтарыңызды қорғаудың жалғыз және айрықша жолы болып табылады. Бұл шектеулі кепілдік тек төменде көрсетілген мерзім аралығында қолданылады.
Бұл кепілдіктердің қандай да бір бөлігін ешкімнің, соның ішінде Harley-Davidson өкілетті дилерлерінің де өзгертуіне, толықтыруына немесе бас тартуына болмайды.
Осы кепілдіктердің шартына сәйкес сіз мотоцикліңізді Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей дұрыс пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және күтім көрсетуге жауаптысыз. Harley-Davidson компаниясы барлық техникалық қызмет көрсету жазбалары мен түбіртектерді сақтап қоюды ұсынады.
МОТОЦИКЛ БОЙЫНША БАСҚА ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛДІКТЕР (ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ГАЗДЫҢ УЛЫЛЫҒЫ, ШУ ДЕҢГЕЙІ МЕН СӘУЛЕЛЕНДІРУ ДЕҢГЕЙІН ШЕКТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАСҚА) БЕРІЛМЕЙДІ. Коммерциялық пайдалылық немесе нақты бір мақсатқа жарамдылық бойынша кез келген жанама кепілдіктердің әрекет ету күші тікелей кепілдік мерзімінің ұзақтығы мен еліңіздегі кепілдік жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен орнатылатын мерзім ұзақтығының ішіндегі ең қысқа мерзіммен шектеледі. Ешбір жанама кепілдік мотоциклдің келесі сатып алушысына берілмейді.
Нақты бір мақсатқа сәйкестік бойынша жанама кепілдік мотоцикліңіз жарыстар үшін пайдаланылса және мотоцикліңіз жарыс үшін жабдықталған болса да қолданылмайды.
Кейбір елдерде жанама кепілдіктің мерзіміне шектеу қоюға рұқсат берілмейді, сондықтан жоғарыдағы шектеу сізге қатысты қолданылмауы мүмкін.
ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ HARLEY-DAVIDSON КОМПАНИЯСЫ ДА, ОНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ДИЛЕРЛЕРІ ДЕ УАҚЫТ ШЫҒЫНЫ, ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАР, ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МОТОЦИКЛДІҢ ЖОҒАЛУЫ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР НЕМЕСЕ БАСҚА ДА КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ САЛДАР РЕТІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ЗАҚЫМДАР ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Harley-Davidson компаниясы мен сіздің дилеріңіз уақытыңыз бен қаражатыңыздың кетуіне, кез келген қолайсыздықтарға, көлігіңіздің жоғалуына немесе мотоцикліңіздің пайдаланылуыга, жалға алынған мотоцикл, отын, жол жүру, тамақтану немесе тұрғын үйді жалға алу бойынша шығындарға және басқа да кездейсоқ немесе салдар ретінде туындауы мүмкін зақымдарға жауапты емес.
Сәйкес заң компанияның немесе дилерлердің жауапкершілікті шектеу туралы ескертпесіне тыйым салмайынша, айыппұлдар, жазалау ретінде салынатын шығындар немесе күрделі шығындарды қалпына келтірілмейді. Сіз класс өкілі ретінде, жалпы жеке уәкілетті тұлға ретінде, шағым жасаушылар класының мүшесі ретінде немесе кез келген басқа өкілді органдардағы лауазымда кепілдік бойынша ақы талап ете алмайсыз. Harley-Davidson компаниясы кез келген өнімдерді және/немесе қызметтерді жеткізу немесе жабдықтаудың кідіртілуінен туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
Кейбір мемлекеттерде кездейсоқ не жанама шығындарға жауап бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген шектеулер не ерекшеліктер сізге қатысты болмауы мүмкін.
Осы кепілдеме сізге арнайы заңды құқық береді, сонымен қатар әр мемлекетте әртүрлі болатын басқа да құқықтарға ие болуыңыз мүмкін.
Келесі шарттар мен ережелер осы шектеулі кепілдікте қолданылады:
Мерзімі
  1. Осы шектеулі кепілдік мерзімі келесі күндердің ішінде ең ертесінен бастап жиырма төрт айға созылады: (a) мотоциклді Harley-Davidson өкілетті дилерінен бастапқы бөлшектеп сатып алу және жеткізу күні (b) мотоцикл үлгісі жылының соңғы күнінің үшінші жылдығы. Harley-Davidson өкілетті дилері шектеулі кепілдік өз күшіне ену үшін сату және кепілдікті тіркеу бойынша электрондық бланкіні жібереді.
  2. Шектеулі кепілдік мерзімі аралығында мотоцикл қайта сатылса, осы шектеулі кепілдіктің қолданыстағы бөлігі келесі пайдаланушыларға беріледі.
Пайдаланушы міндеттері
Кепілдік бойынша қызметті алу үшін шектеулі кепілдік кезеңінің ішінде мотоциклді Harley-Davidson өкілетті дилеріне өз қаражатыңыздың есебінен қайтарыңыз. Harley-Davidson өкілетті дилері өкілетті дилердің қызметтік қызмет көрсету бөліміндегі жұмыс режимі мен қажетті бөлшектердің қолжетімділігіне байланысты стандартты жұмыс уақытында кепілдікті рәсімдей алатын болуы қажет.
Ерекшеліктер
Бұл шектеулі кепілдік келесі жағдайларда мотоциклдерге қолданылмайды:
  1. Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей пайдаланылмаса немесе техникалық қызмет көрсетілмесе.
  2. Ережелерді сақтамай пайдаланылса, күтім көрсетілмесе, дұрыс пайдаланылмаса, дұрыс сақталмаса, қара жолда пайдаланылса, жарыстарда немесе сайыстардың басқа да түрлерінде пайдаланылса.
  3. Мотоцикл тіркелген нарықтың заңдарына сәйкес келмесе.
  4. Өнімділікті арттыру үшін жол талғамайтын жүріске немесе жарыстарға арналған бөлшектері, тіркемеге арналған тіркеу құрылғысы орнатылған болса немесе басқа мақұлданбаған өзгерістер енгізілсе (мұндай өзгерістер сіздің мотоцикліңізбен пайдалануға мақұлданбаған түпнұсқалық Harley-Davidson бөлшектері мен керек-жарақтарына қатысты болғанына қарамастан). Мұндай өзгерістер жаңа мотоцикл бойынша шектеулі кепілдік күшін толық немесе жартылай жоюы мүмкін. Толық мәлімет алу үшін өкілетті Harley-Davidson дилеріне хабарласыңыз.
  5. Апатты табиғи құбылыстар, соғыс, тәртіпсіздік, көтеріліс, радиоактивті сәулелендіру және найзағай, орман өрті, шаңды дауыл, бұршақ аралас дауыл, қарлы боран, жер сілкінісі, сел, т.б. немесе Harley-Davidson компаниясы басқара алмайтын басқа да жағдайларға ұшыраса.
  6. Апатқа не соқтығысуға ұшыраса, құласа не соғылса.
Басқа шектеулер
Шектеулі кепілдік күші төмендегілерге таралмайды:
  1. Пайдаланушы нұсқаулығында ұсынылғандай қалыпты пайдалануға арналған бөлшектер мен жұмыстар немесе келесі элементтердің қалыпты тозуына байланысты бөлшектерді ауыстыру: жарық шамдар, шиналар, майлау, май мен сүзгіні ауыстыру, жанармай жүйесін тазалау, батареяны жөндеу, қозғалтқышты қалыпты күйге келтіру, оталдыру шамы, тежегіш, муфта, орындықты/белбеуді реттеу және орындықты ауыстыру.
  2. Пайдаланушының мотоциклді дұрыс пайдаланбауынан, тиісті техникалық қызмет көрсетудің жоқтығынан немесе сыртқы орта жағдайларынан туындайтын косметикалық мәселелер (зауыттық материалдардағы немесе жұмыс сапасындағы ақаулықтардан туындайтын мәселелерден басқа; олар шектеулі кепілдік кезеңінің ішінде шектеулі кепілдікте қамтылады).
  3. Бөлшектеп жеткізу кезінде анықталған және Harley-Davidson өкілетті дилері бөлшектеп жеткізуге дейін тіркемеген косметикалық жағдайлар.
  4. Harley-Davidson мотоциклінің зауыттық сипаттамаларынан басқа құрылыс өзгерістерін енгізуден немесе мотоцикл үлгісінің дизайны мен шығарылған жылы үшін мақұлданбаған құрылыс өзгерістерін енгізу немесе бөлшектер мен керек-жарақтарды пайдаланудан туындаған мотоцикл ақаулықтары мен зақымдалуы.
  5. Harley-Davidson компаниясы өндірмеген құрамдастарды орнатудан немесе пайдаланудан туындаған зақым (Harley-Davidson өкілетті дилерлік орталығы орнатқан болса да). Бұл Harley-Davidson кепілдігі күшінің жойылуына әкеледі. Аталған құрамдастарға өнімділікті арттыратын күш беретін беріліс құрамдастары, бағдарламалық жасақтама, шығару жүйелері, тіркемеге арналған тіркеу құрылғысы, мақұлданбаған шиналар, аспаны төмендету жинақтары және зауыттық электр жүйелеріне жалғанған қосымша құрылғылар, т.б.
  6. Америка Құрама Штаттары тұтынушылары: Калифорния ARB (Авиациялық ресурстар кеңесі) үкімет бұйрығымен қамтылмаған немесе EPA (Қоршаған ортаны қорғау агенттігі) бойынша расталмаған калибрлеу немесе күйге келтіру арқылы реттелген мотоциклдегі күш беретін беріліс құрамдастарының функциясына әсер ететін қатерлер немесе зақым.
Маңызды: Мұқият оқып шығыңыз
  1. Harley-Davidson өкілетті дилерлерінің иелері әр түрлі және дербес болады. Сондай-ақ өкілетті дилерлерде Harley-Davidson компаниясы өндірмеген өнімдер сатылуы мүмкін. Сондықтан HARLEY-DAVIDSON КОМПАНИЯСЫ HARLEY-DAVIDSON ӨКІЛЕТТІ ДИЛЕРЛЕРІ САТУЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ОРНАТУЫ МҮМКІН ЖҰМЫСТАР, Т.Б. HARLEY-DAVIDSON КОМПАНИЯСЫ ӨНДІРМЕГЕН БӨЛШЕКТЕР, КЕРЕК-ЖАРАҚТАР НЕМЕСЕ ДИЗАЙН ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ, САПАСЫ ЖӘНЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
  2. Бұл шектеулі кепілдік сіз бен Harley-Davidson компаниясының арасындағы келісім-шарт болып табылады. Ол бөлек және Harley-Davidson өкілетті дилерінен алуыңыз не сатып алуыңыз мүмкін кепілдіктен тәуелсіз болып табылады. Harley-Davidson өкілетті дилерінің осы шектеулі кепілдік шарттары мен ережелерін түзетуге, түрлендіруге, толықтыруға немесе басқа да өзгерістер енгізуге құқығы жоқ.
  3. Harley-Davidson компаниясымен мақұлданған кепілдік жұмыстары немесе бөлшектерді ауыстыру Harley-Davidson компаниясын кейінгі уақыттарда қажет болса қандай да бір ерекшелікке сүйену құқығынан айырмайды.
  4. Harley-Davidson компаниясы мен оның өкілетті дилерлері кез келген уақытта бұрын жасалған немесе сатылған мотоциклдерге бірдей түзетулер мен өзгерістерді енгізу бойынша қосымша міндеттерді мойнына алмай, Harley-Davidson әзірлеген және өндірген мотоциклдерді өзгерту немесе қызмет көрсету құқығын өзіне қалдырады. Harley-Davidson компаниясы белгілі бір мотоциклдер бойынша кепілдіктен кейінгі жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету, жөндеу кампанияларын жүргізу, ізгі ықыластағы немесе тұтынушыны қанағаттандыру мақсатындағы жөндеу жұмыстарын ұсыну немесе кепілдік әсерін кеңейту құқығын өзіне қалдырады. Жоғарыда аталған жөндеу жұмыстары мен кепілдік әсерін кеңейту әрекеттері Harley-Davidson компаниясын басқа бірдей мотоцикл пайдаланушыларына қатысты келісімпаздықты ұстануға міндеттемейді. Кейбір жағдайларда Harley-Davidson компаниясы шектеулі кепілдік шегінен тыс нақты бір жөндеу шығындарын толық немесе бір бөлігін төлеудің арнайы құрылымдық қайта құру бағдарламасын ұсынуы мүмкін. Аталған бағдарламалардың сіз үшін қолжетімділігін Harley-Davidson өкілетті дилерінен анықтап алыңыз. Сіздің еліңізде мұндай ұсыныстарға тыйым салынуы мүмкін, сәйкесінше олар сізге қолжетімді болмайды.
  5. Harley-Davidson затбелгісі бар немесе фирмалық бөлшектер міндетті түрде сіздің мотоцикліңіздің дизайны мен үлгісіне сәйкес келуін және кепілдік берілуін білдірмейді. Мотоцикліңіз үшін арнайы жасалмаған және сынақтан өткізілмеген бөлшектерді пайдалану мотоцикл өнімділігіне теріс әсер етуі мүмкін және осы шектеулі кепілдікпен қарастырылмайтын жағдайларды туындатуы мүмкін.
Экологиялық факторлар
  1. Кепiлдеме бір рет қана бір компонент үстіндегі тот/коррозияны және/немесе металдың желінуін қамтиды. Осы жағдайлардың қайсыбірі мотоциклдің бірнеше компонентінде болса, кепілдеме қамтылуы тоқтатылады.
  2. Тот/коррозия және/немесе желіну жағдайы бірнеше бірақ бірдей компонент болса, (яғни екі айнада да, екі жүргізуші аяқтақтасында да және т.б.) оларды кепілдік бойынша жөндеуге болады.
  3. Дөңгелектердегі тот/коррозия және/немесе желіну жағдайы DPQA-де тиiстi түрде рәсімделмеген болса, оны кепілдік қамтымайды. Кепілденген жағдайларды Косметикалық сапа жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
  4. Кепiлдiк жол қоқысының, қауiп-қатердің, ұқыпсыз қараудың, химиялық әсердің немесе мотоциклдi дұрыс пайдаланбаудың нәтижесiнде орын алған тот басу/коррозия және/немесе желінуді қамтымайды.
  5. Кепілдік жанармай бактарының ішіндегі тот басу/коррозияны қамтымайды.
Мотоцикл иесі оны элементтер әсерінің нәтижесінде орын алатын косметикалық мәселелерден қорғауға жауапты болады.