24 ай/шексіз mi
Осы мотоцикл бойынша шектеулі кепілдік (әрі қарай «H-D мотоциклі бойынша кепілдік») Австралия мен Жаңа Зеландияда тек 2019 жылдың 1 қаңтарынан кейін жаңа 2020 немесе одан бұрынғы Harley-Davidson мотоциклін сатып алған барлық тұлғаларға қолданылады.
Тұтынушы құқықтары
Осы H-D мотоциклі бойынша кепілдік шегінде берілетін артықшылықтар Австралия және Жаңа Зеландия заңдары, соның ішінде тұтынушыларды қорғау туралы заңдар шегіндегі мотоциклге қатысты басқа да құқықтар мен құқықтарды қорғау құралдарының әсерін кемітпейтін қосымша құқықтар болып табылады.
Біздің тауарларымыз Австралияға осы елдің тұтынушыларды қорғау туралы заңдарымен алып тасталмайтын кепілдіктермен бірге жеткізіледі. Сіздің қатты ақауланған бөлшектерді ауыстыру немесе өтеуге және заңды негізде бағаланатын шығындар мен зияндардың орнын толтыруға талаптануға құқығыңыз бар. Сондай-ақ тауарлар сапасы лайықты болмаса және ақаулық күрделі ақаулыққа жатпаса, тауарларды жөндетуге немесе ауыстырып алуға құқылысыз.
Сондай-ақ Жаңа Зеландияға біздің тауарларымыз Жаңа Зеландияның «Тұтынушылар кепілдіктері туралы» заңымен алып тасталмайтын кепілдіктермен бірге жеткізіледі.
Кепілдеме
Бұл H-D мотоциклі бойынша кепілдік Harley-Davidson автокөлік компаниясымен берілген. Пошта жәшігі 653, Milwaukee, Wisconsin 53201, АҚШ. Телефоны: +1 (414) 343-4056, («Harley-Davidson»).
Төменде белгіленген кепілді мерзімі шегінде 2020 жылғы Harley-Davidson мотоциклін қалыпты жағдайда пайдалану кезінде зауыттық материалдарда немесе мотоциклді жасау жұмыстарының сапасында ақаулықтар анықталса, Harley-Davidson компаниясы Harley-Davidson дилерінің ақауланған бөлшектерді ақысыз жөндеп не ауыстырып беретініне кепілдік береді.
Мұндай бөлшектерді жөндеу немесе ауыстыру осы шектеулі кепілдік шеңберіндегі Harley-Davidson компаниясының жалғыз міндеттемесі, ал сіз үшін құқықтарыңызды қорғаудың жалғыз жолы болып табылады. Дегенмен жоғарыда айтылғандай, Австралия және Жаңа Зеландия заңдары шеңберінде сіз басқа да құқықтарға ие болуыңыз мүмкін.
Ескертпе: Жөндеуге өткізілген тауарлар жөндеу орнына ұқсас түрдегі жөнделген тауарлармен ауыстырылуы мүмкін. Тауарларды жөндеу үшін жөнделген бөлшектер пайдаланылуы мүмкін.
Осы H-D мотоциклі бойынша кепілдікте келесі шарттар мен ережелер қолданылады:
Кепілдік мерзімі
Осы H-D мотоциклі бойынша кепілдіктің әрекет ету мерзімі келесі күндердің ішінде ең ертесінен бастап жиырма төрт айға созылады:
(a) Harley-Davidson өкілетті дилерінің бірінші бөлшектеп сатып алушыға жеткізу күні;
(b) мотоцикл үлгісі жылының соңғы күнінің үшінші жылдығы (егер бөлшектеп сатып алушыға сол күннен бұрын сатылған болмаса).
Harley-Davidson өкілетті дилері H-D мотоциклі бойынша кепілдік өз күшіне ену үшін сату және кепілдікті тіркеу бойынша электрондық бланкіні жібереді.
Ескертпе: Егер мотоцикл көрсетілімге арналған үлгі немесе компанияның таныстырушылық мотоциклі ретінде пайдаланылса, кепілдік мерзімі бөлшектеп сатуға дейін басталып кетуі және/немесе аяқталуы мүмкін. Толық мәліметтерді Harley-Davidson өкілетті дилерінен сұрауыңызға болады.
Осы H-D мотоциклі бойынша кепілдік мерзімі аралығында мотоцикл қайта сатылса, осы кепілдіктің қолданыстағы бөлігі келесі пайдаланушыларға беріледі. Иелік етудегі өзгерістер туралы хабарландыруға қатысты ақпаратты осы Пайдаланушы нұсқаулығының «ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ» бөлімінен көріңіз.
Кепілдік бойынша қызметті алу
Кепілдік бойынша қызметті алу үшін шектеулі кепілдік кезеңінің ішінде мотоциклді өкілетті дилерге өз қаражатыңыздың есебінен қайтарыңыз. Harley-Davidson өкілетті дилерлерінің желісі өте үлкен және әлі кеңеюде. Ең жақын өкілетті дилердің ағымдағы байланыс мәліметтерін www.h-d.com.au веб-сайтынан көре аласыз.
Harley-Davidson өкілетті дилері өкілетті дилердің қызметтік қызмет көрсету бөліміндегі жұмыс режимі мен қажетті бөлшектердің қолжетімділігіне байланысты стандартты жұмыс уақытында кепілдікті мүмкіндігінше тез рәсімдей алатын болуы қажет.
Кепілдік бойынша қызмет аяқталғаннан кейін сіз мотоцикліңізді өкілетті дилерден өз қаражатыңыздың есебінен алып кетуге жауаптысыз.
Ерекшеліктер
Бұл H-D мотоциклі бойынша кепілдік келесі жағдайларда мотоциклдерге (бөлшектерге немесе керек-жарақтарға) қолданылмайды:
  1. Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей пайдаланылмаса немесе техникалық қызмет көрсетілмесе.
  2. Ережелерді сақтамай пайдаланылса, күтім көрсетілмесе, дұрыс пайдаланылмаса, дұрыс сақталмаса, қара жолда пайдаланылса, жарыстарда немесе сайыстардың басқа да түрлерінде пайдаланылса.
  3. Бастапқыда Австралия мен Жаңа Зеландияда пайдалану немесе сату үшін өндірілмеген болса және/немесе Австралия мен Жаңа Зеландияның омологация талаптарына сәйкес келмесе.
  4. Өнімділікті арттыру үшін жол талғамайтын жүріске немесе жарыстарға арналған бөлшектер орнатылса немесе мақұлданбаған өзгерістер енгізілсе. Мұндай өзгерістер жаңа H-D мотоциклі бойынша шектеулі кепілдік күшін толық немесе жартылай жоюы мүмкін. Толық мәліметтерді Harley-Davidson өкілетті дилерінен сұрауыңызға болады.
  5. Апатты табиғи құбылыстар, соғыс, тәртіпсіздік, көтеріліс және радиоактивті сәулелендіру, найзағай, орман өрті, шаңды дауыл, бұршақ аралас дауыл, қарлы боран, жер сілкінісі, сел, т.б. немесе Harley-Davidson компаниясы басқара алмайтын басқа да жағдайларға байланысты зақым келсе немесе Harley-Davidson компаниясы осы H-D мотоциклі бойынша кепілдікті орындай алмаса.
  6. Апатқа, соқтығысуға ұшыраса, құласа немесе соғылса.
Ескертпе: Осы H-D мотоциклі бойынша кепілдік жоғарыда аталған жағдайларда қолданылмаса да, мұндай жағдайларда сіз Австралия мен Жаңа Зеландияның заңдары, соның ішінде Австралияның тұтынушыларды қорғау заңы аясында өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.
Басқа шектеулер
Бұл H-D мотоциклі бойынша кепілдік күші төмендегілерге таралмайды:
  1. Harley-Davidson компаниясы өндірмеген бөлшектер мен керек-жарақтар немесе осындай бөлшектер мен керек-жарақтарды мотоциклге орнатудан туындаған зақым (мұндай бөлшектер мен керек-жарақтар мотоциклге бастапқы бөлшектеп сатып алу күнінде орнатылса да). Мұндай бөлшектер мен керек-жарақтарға үшінші тараптың жеке кепілдігі қолданылады. Толық мәліметтерді Harley-Davidson өкілетті дилерінен сұрауыңызға болады.
  2. Пайдаланушы нұсқаулығында ұсынылғандай қалыпты пайдалануға арналған бөлшектер мен жұмыстар немесе келесі элементтердің қалыпты тозуына байланысты бөлшектерді ауыстыру: жарық шамдар, шиналар, майлау, май мен сүзгіні ауыстыру, жанармай жүйесін тазалау, батареяны жөндеу, қозғалтқышты қалыпты күйге келтіру, оталдыру шамы, тежегіш, муфта, орындықты/белбеуді реттеу және орындықты ауыстыру.
  3. Пайдаланушының мотоциклді дұрыс пайдаланбауынан, тиісті техникалық қызмет көрсетудің жоқтығынан немесе сыртқы орта жағдайларынан туындайтын косметикалық немесе басқа да мәселелер (зауыттық материалдардағы немесе жұмыс сапасындағы ақаулықтардан туындайтын мәселелерден басқа; олар осы H-D мотоциклі бойынша кепілдік кезеңінің ішінде кепілдікте қамтылады).
  4. Бөлшектеп жеткізу кезінде анықталған және Harley-Davidson өкілетті дилері бөлшектеп жеткізуге дейін тіркемеген косметикалық жағдайлар.
  5. Harley-Davidson мотоциклінің зауыттық сипаттамаларынан басқа құрылыс өзгерістерін енгізуден, сонымен бірге жарыстарға немесе жабық трассадағы жарыстарға арналған бөлшектер мен керек-жарақтарды орнату және мотоциклге Harley-Davidson компаниясы ұсынғаннан артық жүктеме мен күш туындаған мотоцикл ақаулықтары мен зақымдануы.
  6. Harley-Davidson компаниясы өндірмеген құрамдастарды орнатудан немесе пайдаланудан туындаған зақым (өкілетті дилерлік орталығы орнатқан болса да). Бұл Harley-Davidson кепілдігі күшінің жойылуына әкеледі. Аталған құрамдастарға өнімділікті арттыратын күш беретін беріліс құрамдастары, бағдарламалық жасақтама, шығару жүйелері, мақұлданбаған шиналар, аспаны төмендету жинақтары және зауыттық электр жүйелеріне жалғанған қосымша құрылғылар, тіркеме ілмегі, т.б.
Ескертпе: Осы H-D мотоциклі бойынша кепілдік жоғарыда аталған жағдайларда қолданылмаса да, сіз Австралия мен Жаңа Зеландияның заңдары, соның ішінде Австралияның тұтынушыларды қорғау заңы аясында өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.
Маңызды: Мұқият оқып шығыңыз
  1. Harley-Davidson өкілетті дилерлерінің иелері әр түрлі және дербес болады. Сондай-ақ өкілетті дилерлерде Harley-Davidson компаниясы өндірмеген өнімдер сатылуы мүмкін. Сондықтан HARLEY-DAVIDSON КОМПАНИЯСЫ HARLEY-DAVIDSON ӨКІЛЕТТІ ДИЛЕРЛЕРІ САТУЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ОРНАТУЫ МҮМКІН HARLEY-DAVIDSON КОМПАНИЯСЫ ӨНДІРМЕГЕН БӨЛШЕКТЕР, КЕРЕК-ЖАРАҚТАР НЕМЕСЕ ДИЗАЙН ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ДЕ ДИЛЕРЛЕР ОРЫНДАҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ, САПАСЫ ЖӘНЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
  2. Бұл H-D мотоциклі кепілдік сіз бен Harley-Davidson арасындағы келісімшарт болып табылады. Ол бөлек және Harley-Davidson өкілетті дилерінен алуыңыз не сатып алуыңыз мүмкін кепілдіктен тәуелсіз болып табылады. Harley-Davidson өкілетті дилерінің осы H-D мотоциклі бойынша кепілдік шарттары мен ережелерін түзетуге, түрлендіруге немесе басқа да өзгерістер енгізуге құқығы жоқ.
Harley-Davidson компаниясымен мақұлданған кез келген кепілдік жұмыстары немесе бөлшектерді ауыстыру Harley-Davidson компаниясын қолданылған ерекшелік немесе кепілдік бойынша шағымдар осы H-D мотоциклі бойынша кепілдік шарттарымен сәйкес келмейтінін кейінірек белгілі болған кездегі ерекшелікке сүйену құқығынан айырмайды.
Экологиялық факторлар
  1. Кепiлдеме бір рет қана бір компонент үстіндегі тот/коррозияны және/немесе металдың желінуін қамтиды. Осы жағдайлардың қайсыбірі мотоциклдің бірнеше компонентінде болса, кепілдеме қамтылуы тоқтатылады.
  2. Тот/коррозия және/немесе желіну жағдайы бірнеше бірақ бірдей компонент болса, (яғни екі айнада да, екі жүргізуші аяқтақтасында да және т.б.) оларды кепілдік бойынша жөндеуге болады.
  3. Дөңгелектердегі тот/коррозия және/немесе желіну жағдайы DPQA-де тиiстi түрде рәсімделмеген болса, оны кепілдік қамтымайды. Кепілденген жағдайларды Косметикалық сапа жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
  4. Кепiлдiк жол қоқысының, қауiп-қатердің, ұқыпсыз қараудың, химиялық әсердің немесе мотоциклдi дұрыс пайдаланбаудың нәтижесiнде орын алған тот басу/коррозия және/немесе желінуді қамтымайды.
  5. Кепілдік жанармай бактарының ішіндегі тот басу/коррозияны қамтымайды.
Мотоцикл иесі оны элементтер әсерінің нәтижесінде орын алатын косметикалық мәселелерден қорғауға жауапты болады.