ЕСКЕРТУ
Мотоциклдер басқа көліктерден өзгеше. Олар өзгеше басқарылады, бұрылады, қолданылады және тежеледі. Біліксіз немесе дұрыс емес пайдалану басқару мүмкіндігін жоғалтуға, өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
(00556d)
Harley-Davidson мотоциклдері тек жолда пайдалануға арналған
Бұл мотоцикл ұшқынды өшіру құралымен жабдықталмаған. Бұл мотоцикл тек жолда пайдалануға арналған. Кейбір аймақтарда пайдалану немесе жолсыз жерлерде пайдалану заңсыз болуы мүмкін. Жергілікті заңдар мен реттеулерді сақтаңыз.
Жалпы
ЕСКЕРТУ
Мотоцикл жұмысында орын алатын сұрақтар немесе мәселелер бойынша Harley-Davidson дилеріне хабарласыңыз. Орындамау бастапқы мәселеге себеп болып, қымбат жөндеу жұмыстарына, апаттық жағдайға әкеліп, салдарынан өлімге немесе ауыр жарақат алуға себеп болады. (00020a)
ЕСКЕРТУ
Осы мотоциклге жеңіл арба қоспаңыз. Мотоциклді жеңіл арбамен бірге басқару есебінен көлік бақылаудан шығып, өлімге не ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. (00590d)
Жұмыс
Жаңа мотоциклді басқару алдында осы нұсқаулықтағы басқару және техникалық қызмет көрсету нұсқауларын оқып, жеке қауіпсіздік үшін осы ережелерді орындауға жауаптысыз.
ЕСКЕРТУ
Жол жиегі немесе шұңқыр сияқты нысанға тигізу ішкі шина зақымына себеп болады. Егер нысанға тисе, шина іші мен сыртын Harley-Davidson дилеріне дереу тексертіңіз. Зақымдалған шина жүргізу кезінде жұмыс істемей, тұрақтылық пен басқаруға кері әсер етіп, өлімге немесе ауыр жарақатқа алып келуі мүмкін. (00058b)
ЕСКЕРТУ
Жолға және жағдайларға сәйкес жылдамдық деңгейлерінде жүріңіз және жылдамдық шегінен жоғары деңгейде ешқашан жүргізбеңіз. Артық жылдамдық көлікті басқару мүмкіндігін жоғалтуға әкеліп, өлімге немесе ауыр жарақатқа себеп болады. (00008a)
ЕСКЕРТУ
Жабдықталған болса: Алдыңғы және/немесе артқы қалқандар басқа көлікпен немесе кез келген басқа затпен соқтығысқан кезде дене жарақатынан қорғауға арналмаған. (00022d)
Рульмен басқару және қолдану
ЕСКЕРТУ
Көлікті айырлары бұғаттаулы күйінде пайдаланбаңыз. Айырларды бұғаттау көліктің бұрылу мүмкіндігін шектеуі мүмкін, бұл өлімге не ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. (00035a)
ЕСКЕРТУ
Амортизаторлар мен алдыңғы ашаларды жүйелі түрде тексеріңіз. Тұрақтылық пен қолданысқа жағымсыз әсер етуі мүмкін, салдарынан өлімге немесе ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін кеміген, зақымдалған немесе тозған бөлшектерді ауыстырыңыз. (00012a)
ЕСКЕРТУ
Мотоциклді босатылған, тозған немесе зақымдалған рульмен немесе аспа жүйелерімен басқармаңыз. Жөндеу жұмыстары үшін Harley-Davidson дилерімен хабарласыңыз. Босатылған, тозған немесе зақымдалған руль немесе аспа құрамдастары тұрақтылық пен қолданысқа жағымсыз әсер етуі мүмкін, салдарынан өлімге немесе ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. (00011a)
ЕСКЕРТУ
Жүргізу кезінде сақтау бөлімдерін ашпаңыз. Жүргізу кезіндегі кедергілер басқаруды жоғалтуға әкеліп, өлім не ауыр жарақат жағдайларын тудыруы мүмкін. (00082a)
ЕСКЕРТУ
Сулы жолдарда жүргізу кезінде тежегіш тиімділігі және үйкеліс күші айтарлықтай азаяды. Тежеу кезінде сақтық шараларын сақтамау, ылғалды жолдарда жылдамдықты көтеру немесе бұрылу басқару мүмкіндігін жоғалтуға әкеліп, салдарынан өлім немесе ауыр жарақат алу қаупі орын алуы мүмкін. (00041a)
Керек-жарақтар және жүк
ЕСКЕРТУ
Мотоциклдің көлік құралының толық салмағы мәнінен (GVWR) не оське түсетін рұқсат етілген барынша жүктемесінен (GAWR) асыруға болмайды. Бұл салмақ мәндерінен асыру құрамдастар ақаулығын тудырып, өлімге не ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін тұрақтылыққа, пайдалануға және жұмыс өнімділігіне кері әсер етуі ықтимал. (00016f)
Шиналар
ЕСКЕРТУ
Шиналардың ауамен дұрыс толтырылғанын, баланста екенін, зақымдалмағанын және дұрыс ізі бар екенін тексеріңіз. Шиналарыңызды ауық-ауық тексеріп тұрыңыз және алмастырулар үшін Harley-Davidson дилерін көріңіз. Қатты тозған, тұрақсыз, ауамен дұрыс толтырылмаған, шамадан тыс жүк түсірілген немесе зақымдалған шиналармен айдау шинаның істен шығуына және өлімге не ауыр жарақат қаупін тудыратын тұрақтылық пен пайдалануға кері әсерін тигізуі мүмкін. (00014b)
ЕСКЕРТУ
Тесілген немесе зақымдалған шиналарды ауыстырыңыз. Кейбір жағдайларда ирек ойма аймағындағы кішкентай тесіктерді Harley-Davidson дилері арқылы алынған шина ішінен жөндеуге болады. Жылдамдық бірінші 24 сағат 80 km/h (50 mph) деңгейінен аспауы КЕРЕК және жөнделген шина 129 km/h (80 mph) деңгейінен жоғары ЕШҚАШАН пайдаланылмауы керек. Осы ескертуді орындамау шина ақаулығына әкеліп, өлімге немесе ауыр жарақат алуға себеп болады. (00015b)
ЕСКЕРТУ
Сұйық шина тұрақтаушыларын немесе тығыздаушыларын алюминий дөңгелектерде пайдаланбаңыз. Сұйық шина тұрақтаушыларын не тығыздаушыларын пайдалану шина ауасының шығуына алып келуі мүмкін шеңбердің беткі жағын жылдам коррозияға ұшыратады. Шина ауасының шығуы есебінен көлік бақылаудан шығып, өлімге не ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. (00631b)
Сүйреу және сүйрету
ЕСКЕРТУ
Тіркемені мотоциклмен тартпаңыз. Тіркемені тарту шинаның артық жүктемесіне, зақымдалуына және ақаулығына, төмендетілген тежеу жұмысына себеп болып, тұрақтылық пен қолданысқа кері әсер етіп, салдарынан өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. (00018c)
ЕСКЕРТУ
Өшірулі мотоциклді сүйреуге болмайды. Сүйреу әрекеті тұрақтылық пен қолданысқа кері әсер етуі мүмкін, салдарынан өлімге немесе ауыр жарақат алу қаупі болады. (00017a)
Отын және шығыс
ЕСКЕРТУ
Отын жүйесін қайта толтыру немесе оған қызмет көрсету кезінде қозғалтқышты тоқтатыңыз. Бензин жанында темекі шекпеңіз немесе ашық жалын не ұшқын тудырмаңыз. Бензин өте тез тұтанғыш әрі жоғары деңгейде жарылғыш болып келеді, нәтижесінде өлімге не ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. (00002a)
ЕСКЕРТУ
Төгілуіне жол бермеңіз. Отын толтырғыш қақпағын баяу ашыңыз. Жанармайдың жайылуына орын қалдыра отырып, құятын қылта мойыны астынан жоғары етіп толтырмаңыз. Толтырғаннан кейін шығанақ қылтасын бекітіңіз. Бензин өте тез тұтанғыш әрі жоғары деңгейде жарылғыш болып келеді, нәтижесінде өлімге не ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. (00028b)
ЕСКЕРТУ
Шығыс жүйесімен байланысты болдырмаңыз және жүргізу кезінде аяқтарды толығымен жабатын қорғаныс киімін киіңіз. Шығыс құбырлары және шуды азайту құралдары двигатель қосулы кезде өте ыстық болып, тіпті двигательді өшіргеннен кейін тым ыстық болып қалады. Қорғаныс киімін кимеу күйіктерге немесе басқа ауыр жарақат алуға себеп болады. (00009a)
ЕСКЕРТУ
Мотоциклді жабық гаражда немесе шектеулі аймақта жүргізбеңіз. Улы көміртек моноксиді газынан тұратын мотоциклден шыққан газбен тыныс алу өлімге немесе ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. (00005a)
ЕСКЕРТУ
Осы өнімнің қозғалтқышынан шыққан газдың құрамына Калифорния штатында ісікке, тума зақымдарға немесе басқа репродуктивтік зақымға себеп болады деп танылған химикаттар кіреді. (00004f)
Тежегіштер
ЕСКЕРТУ
Тежегіштер - өте маңызды қауіпсіздік құрамдасы. Тежегішті жөндеу немесе ауыстыру бойынша Harley-Davidson дилеріне хабарласыңыз. Дұрыс қызмет көрсетілмеген тежегіштер тежеу жүйесіне жағымсыз әсер етіп, өлімге немесе ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. (00054a)
ЕСКЕРТУ
Алдыңғы және артқы тежегіштерді бір уақытта қолданыңыз. Бір тежегішті қолдану берілісті күшейтіп, тежеу тиімділігін азайтады. Шамадан тыс тозған тежегіштерді пайдалану тежегіштің бұзылуына әкеліп, өлім немесе ауыр жарақат алу қаупін тудыруы мүмкін. (00135a)
ЕСКЕРТУ
DOT 4 тежегіш сұйықтығы уақыт өте келе атмосфера ылғалын сіңіріп, сұйықтықтың сипаттары өзгереді. Тежегіш сұйықтығы құрамын қызмет көрсету аралығы немесе жыл сайын ылғалға тексеріңіз (қайсысы бірінші келсе). Тежегіш сұйықтығын екі жыл сайын немесе ылғалдылығы 3% не одан үлкен болған жағдайда жиірек шайып ауыстырыңыз. Сұйықтықты дұрыс ауыстырмау және шаймау тежеуге кері әсер етіп, өлімге немесе елеулі жарақатқа әкелуі мүмкін. (06304b)
ЕСКЕРТУ
DOT 4 тежегіш сұйықтығымен байланыс ауыр денсаулық әсерлерін беруі мүмкін. Дұрыс тері мен көз қорғаныс құралын кимеу өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
  • Тыныс алып қойсаңыз: тыныштық сақтап, таза ауаға шығып, медициналық көмекке жүгініңіз.
  • Теріге тисе: ластанған киімді шешіңіз. Теріні бірден 15-20 минут көп су мөлшерімен шайыңыз. Егер тітіркену пайда болса, медициналық жәрдемге жүгініңіз.
  • Егер көзге тисе: әсер етілген көздің қабақшаларын ашық ұстап кемінде 15 минут ағын суда жуыңыз. Егер тітіркену пайда болса, медициналық жәрдемге жүгініңіз.
  • Жұтып қойсаңыз: ауызды шайып, көп су ішіңіз. Құсуға болмайды. Токсикология орталығына хабарласыңыз. Қажет болса, бірден медициналық көмек алыңыз.
  • Қосымша мәліметтерді sds.harley-davidson.com торабында қолжетімді Қауіпсіздік деректері бетінен (SDS) қараңыз
(00240e)
Тежегіш жүйесін дизайнға сәйкес ету үшін, тежегіш сұйықтығының ылғалдылық құрамын DOT 4 тежегіш сұйықтығының ылғалдылығын сынау құралымен (бөлшек нөмірі: HD-48497-A немесе балама) әрбір қызмет аралығында немесе кемінде жыл сайын құралмен берілген нұсқауларға сәйкес тексеріңіз. DOT 4 сұйықтығын 2 жыл сайын немесе тежегіш жүйесі сұйықтығының сынағы 3% немесе одан үлкен ылғалдылықты көрсеткен кезде одан жиірек ауыстырыңыз.
Harley-Davidson компаниясы Harley-Davidson Platinum Label DOT 4 тежегіш сұйықтығын ұсынады, себебі оның ылғалдылық және коррозияға төтеп беру қасиеттері жоғары.
Аккумулятор
ЕСКЕРТУ
Аккумуляторлар, аккумулятор қадалары, терминалдар және қатысты керек-жарақтар құрамына қорғасын, қорғасын байланыстары, және Калифорния штатына белгілі химикаттар кіреді, бұлар ісікке, тума зақымдарға немесе басқа репродуктивтік зақымға себеп болады. Қолданыстан кейін қолдарыңызды жуыңыз. (00019e)
ЕСКЕРТУ
Аккумуляторларда көзді және теріні қатты күйдіруі мүмкін күкірт қышқылы бар. Батареялармен жұмыс істеу кезінде сақтандыратын қалқаншасын, резеңке қолғаптарды және қорғаныс киімін киіңіз. АККУМУЛЯТОРЛАРДЫ БАЛАЛАРДАН АЛЫС ҰСТАҢЫЗ. (00063a)
ХАБАРЛАНДЫРУ
Тым көп электрлік керек-жарақтардың қосылуы көліктің зарядтау жүйесіне артық жүктеме салуы мүмкін. Егер кез келген уақытта басқарылатын біріктірілген электрлік керек-жарақтар көліктің зарядтау жүйесі шығаратын электр тогынан көп тұтынса, электр шығыны батарея зарядын тауысып, көліктің электрлік жүйесіне зақым келтіруі мүмкін. (00211d)
Қауіпті материалдар
АБАЙЛАҢЫЗ
Пайдаланылған мотор майымен ұзақ немесе қайталап пайдалану теріге зиян және тері ісігіне себеп болуы мүмкін. Май тиген аймақтарды сабынмен және сумен жақсылап жуыңыз. (00358b)
Техникалық қызмет
ЕСКЕРТУ
Қызмет көрсетудің тұрақты интервалының кестесінде көрсетілгендей қызмет көрсету және техникалық қызмет операцияларын орындаңыз. Техникалық қызметті ұсынылған аралықтарда көрсетпеу мотоциклдің қауіпсіз жұмысына кері әсер етіп, өлімге немесе ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. (00010a)
ХАБАРЛАНДЫРУ
Мотоциклді домкрат арқылы көтерген кезде домкрат төменгі түтіктер мен төменгі рама түтіктері қосылатын жердегі екі төменгі рама түтігіне қойылғанын тексеріңіз. Домкрат арқылы айқас бөлімдерден, май тұғырынан, бекіту кронштейндерінен, құрамдастардан немесе корпустардан ешқашан көтермеңіз. Орындамау негізгі жөндеу жұмысын орындауға қажетті ауыр зақымға себеп болады. (00586d)
Бөлшектер және керек-жарақтар
ЕСКЕРТУ
Harley-Davidson бөлшектері және керек-жарақтары Harley-Davidson мотоциклдеріне арналған. Harley-Davidson шығармаған бөлшектерді немесе керек-жарақтарды пайдалану өнімділікке, тұрақтылыққа немесе қолданысқа жағымсыз әсер етіп, салдарынан өлімге немесе ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. (00001b)
ЕСКЕРТУ
Harley-Davidson балама бекіту құралдарын пайдаланыңыз. Екінші нарықтық бекіту құралдары тежегішке жағымсыз әсер етіп, өлімге немесе ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. (00013a)
ЕСКЕРТУ
Пайдаланушы нұсқаулығының «Керек-жарақтар және жүк» бөлімін көріңіз. Жүкті дұрыс емес салу немесе керек-жарақтарды дұрыс емес орнату құрамдастар жұмыс қатесіне тудырып, өлімге не ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін тұрақтылыққа, пайдалануға және жұмыс өнімділігіне кері әсер етуі ықтимал. (00021b)