Бұл пайдаланушы нұсқаулығы мотоцикл бойынша шектеулі кепілдік пен пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бойынша тізімдемесінен тұрады.
Мотоцикл жүрісінің аралықтары бойынша техникалық қызмет көрсету кестесін пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей толтырып отыруды пайдаланушы ретінде өз бетіңізше жүзеге асыруыңыз қажет. Шектеулі кепілдік күші жойылмау үшін, барлық көрсетілген техникалық қызмет көрсету жұмыстарын дер кезінде орындап отыру қажет.
Шектеулі кепілдік күшін жоғалтпау үшін кейбір елдерде, штаттарда немесе басқа да аймақтарда барлық жүйелі жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын Harley-Davidson өкілетті дилеріне тапсыру талап етіледі. Жергілікті талаптарды Harley-Davidson өкілетті дилерінен анықтап алыңыз.
  1. Алғашқы 1.600 km (1000 mi) қашықтықты жүріп өтпес бұрын тексеру және қызмет көрсету үшін немесе мәселе туындағанда Harley-Davidson дилеріне жолығыңыз.
  2. Мотоцикліңізді тексерту және қызмет көрсету үшін Harley-Davidson өкілетті дилеріне барған кезде өзіңізбен бірге осы пайдаланушы нұсқаулығын алыңыз.
  3. Дилерлік орталық маманы пайдаланушы нұсқаулығындағы техникалық қызмет көрсету тізімдемесінде сәйкес жүріс аралығының жанына қол қоюы қажет. Пайдаланушы бұл жазбаларды дұрыс техникалық қызмет көрсетудің дәлелі ретінде сақтап қоюы қажет.
  4. Бөлшектердің сатып алынғанын, қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарының орындалғанын бейнелейтін түбіртектерді сақтаңыз.
Бұл жазбалар әр келесі пайдаланушыға берілуі қажет.
Тек Harley-Davidson компаниясы мақұлдаған және мотоцикліңіздің үлгісі мен оның шығарылған жылы үшін жасап шығарылған, сынақтардан өткен және мақұлданған бөлшектер мен керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
Сатудан кейін орнатылатын, өнімділікті арттыратын бөлшектерді пайдалану шектеулі кепілдік күшінің толықтай немесе жартылай жойылуына әкелуі мүмкін. Толық мәлімет алу үшін өкілетті Harley-Davidson дилеріне хабарласыңыз.
Harley-Davidson өкілетті дилерлік орталықтарының иелері әр түрлі және дербес болады. Дилерлік орталықтарда Harley-Davidson компаниясы өндірмеген немесе сіздің мотоцикліңізбен пайдалану үшін мақұлданбаған бөлшектер мен керек-жарақтар сатылуы және орнатылуы мүмкін. Сондықтан Harley-Davidson компаниясы Harley-Davidson компаниясы өндірмеген бөлшектер, керек-жарақтар немесе құрылысына жасалған өзгерістердің, сонымен бірге Harley-Davidson өкілетті дилерлік орталықтары сатқан және/немесе орнатқан қызмет көрсету жұмыстарының сапасы, сәйкестігі және қауіпсіздігі үшін жауап бермейтіндігін ескеріңіз.