Төмендегі шектеулі кепілдік Шуды басатын жүйеге қолданылады, МОТОЦИКЛ БОЙЫНША ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК пен ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ГАЗДЫҢ УЛЫЛЫҒЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІККЕ қосымша болып табылады және тек АҚШ-та сатылған Harley-Davidson мотоциклдеріне қолданылады.
Harley-Davidson компаниясы бірінші пайдаланушы мен әрбір кейінгі пайдаланушыға осы мотоциклдің сату сәтінде АҚШ-тың Қоршаған ортаны қорғау Агенттігінің қолданыстағы ережелеріне (F-76 Drive-By сынақ процедурасы арқылы тексерілген) сәйкес келетіндей етіп әзірленіп, жасалғанына және Harley-Davidson өкілетті дилерінен бастапқы бөлшектеп сатып алынып, жеткізілгеннен кейінгі бір (1) жыл ішінде, осы мотоцикл үлгісі жылының соңғы күнінен бастап [екінші] жылдықтан кейінгі бір (1) жыл ішінде немесе алғашқы 6.000 km (3730 mi) қашықтықтан кейін (мұнда аталғандардың ішіндегі ең бірінші орын алған ақаулық қарастырылады) осы мотоциклді АҚШ-тың Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Агенттігінің стандарттарына сай келмеуіне алып келуі мүмкін зауыттық материал мен жұмыс ақаулықтарының жоқтығына кепілдік береді. Шектеулі кепілдік мерзімі аралығында мотоцикл қайта сатылса, осы шектеулі кепілдіктің қолданыстағы бөлігі келесі пайдаланушыларға беріледі. Егер мотоцикл көрсету үшін не компанияның мотоциклі болса, сосын кепілдемелік мерзім кезеңі басталғанға дейін не бастапқы сатылымға дейін аяқталғанша қолданылады. Толық мәлімет алу үшін өкілетті Harley-Davidson дилеріне хабарласыңыз.
МОТОЦИКЛ БОЙЫНША БАСҚА ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛДІКТЕР (БАСҚА МОТОЦИКЛ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ГАЗДЫҢ УЛЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАСҚА) БЕРІЛМЕЙДІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛЫЛЫЛҚ НЕМЕСЕ НАҚТЫ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ БОЙЫНША КЕЗ КЕЛГЕН ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ КҮШІ ОСЫ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІКТІҢ МЕРЗІМІНІҢ ҰЗАҚТЫҒЫМЕН ШЕКТЕЛЕДІ.
Кейбір елдерде жанама кепілдіктің мерзіміне шектеу қоюға рұқсат берілмейді, сондықтан жоғарыдағы шектеу сізге қатысты қолданылмауы мүмкін.
Шектеулі кепілдік мерзімі мотоцикл алғашқы бөлшектеп сатып алушыға жеткізілген күннен немесе бөлшектеп сатуға дейін мотоцикл көрсетілімдерге арналған немесе компанияның таныстырушылық мотоциклі ретінде пайдаланылса, мотоцикл пайдалануға берілген бірінші күннен басталады.
ШУ ДЕҢГЕЙІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІКТЕ ТӨМЕНДЕГІ ЭЛЕМЕНТТЕР ҚАМТЫЛМАҒАН
  1. Пайдаланушы нұсқаулығында сипатталғандай дұрыс пайдаланбау, өзгерістер енгізу немесе орынсыз техникалық қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын ақаулықтар.
  2. ШУДЫ БАСАТЫН ЖҮЙЕ (шығару жүйесі және ауа жинағыш/тазарту жинағынан тұратын) кез келген бөлігін қала ішінде шу шығару деңгейіне рұқсат берілмейтін бөлшектермен ауыстыру.
  3. Жүріс есептеуіші жүрілген жолды анықтауға болмайтындай етіп өзгертілген кез келген мотоцикл.
  4. ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ HARLEY-DAVIDSON КОМПАНИЯСЫ ДА, ОНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ДИЛЕРЛЕРІ ДЕ УАҚЫТ ШЫҒЫНЫ, ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАР, ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МОТОЦИКЛДІҢ ЖОҒАЛУЫ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР НЕМЕСЕ БАСҚА ДА КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ САЛДАР РЕТІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ЗАҚЫМДАР ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Кейбір мемлекеттерде кездейсоқ не жанама шығындарға жауап бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген шектеулер не ерекшеліктер сізге қатысты болмауы мүмкін.
Басқа құқықтар
Бұл шектеулі кепілдік сізге ерекше заңды құқықтар береді. Сонымен бірге еліңізге байланысты сіз басқа да құқықтарға ие болуыңыз мүмкін.
Міндетті техникалық қызмет көрсету бойынша ұсыныстар
Кез келген шу деңгейіне қатысты техникалық қызмет көрсету жұмыстарын Harley-Davidson өкілетті дилеріне тапсыру және түпнұсқалық Harley-Davidson бөлшектерін пайдалану ұсынылады. Шуды басатын жүйеге техникалық қызмет көрсету, ауыстыру немесе жөндеу жұмыстарын кез келген басқа маманданған қызмет көрсету орны немесе жеке тұлға жасай алады. Түпнұсқалық Harley-Davidson бөлшектері болып табылмайтын бөлшектерді АҚШ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Агенттігінің стандарттарына сәйкестігі куәландырылған болса пайдалануға болады.