Түпнұсқалық Harley-Davidson бөлшектері сіздің мотоцикліңізбен бірге пайдалану үшін арнайы құрастырылған және сынақтан өткізілген. Harley-Davidson мотоцикліңізді қорғау үшін және шектеулі кепілдік күші өзгеріссіз қалу үшін, Harley-Davidson өкілетті дилерінен тек түпнұсқалық Harley-Davidson ауыстырмалы бөлшектері мен керек-жарақтарын пайдалануды талап етіңіз. Мотоцикліңіздің үлгісіне және оның шығарылу жылына барлық Harley-Davidson бөлшектері мен керек-жарақтары сәйкес келе бермейді.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Тым көп электрлік керек-жарақтардың қосылуы көліктің зарядтау жүйесіне артық жүктеме салуы мүмкін. Егер кез келген уақытта басқарылатын біріктірілген электрлік керек-жарақтар көліктің зарядтау жүйесі шығаратын электр тогынан көп тұтынса, электр шығыны батарея зарядын тауысып, көліктің электрлік жүйесіне зақым келтіруі мүмкін. (00211d)
ЕСКЕРТПЕ
Өнімділікті арттыру үшін жол талғамайтын жүріске және жарыстарға арналған бөлшектерді орнату шектеулі кепілдік күшінің толықтай немесе жартылай жойылуына әкелуі мүмкін. Толық мәліметтерді осы пайдаланушы нұсқаулығындағы Harley-Davidson мотоциклдеріне берілетін шектеулі кепілдіктен көріңіз немесе Harley-Davidson өкілетті дилерінен сұраңыз.