Кез келген Harley-Davidson өкілетті дилері мотоцикл кепілдігі бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуі мүмкін. Алайда Harley-Davidson өкілетті дилерлік орталығы кепілдік бойынша жөндеу жұмыстарын орындайтындығы Harley-Davidson компаниясы мен өкілетті дилерлік орталық арасында агенттік қарым-қатынастардың бар екенін білдірмейді. Кепілдік міндеттемелері бойынша сұрақтарыңыз туындаса, Harley-Davidson өкілетті дилеріне хабарласыңыз.
Жоғарыдағы шарттар сақталған жағдайда қалыпты қызмет көрсету жұмыстары мен кепілдік жұмыстары үшін АҚШ-тағы сізге ең жақын Harley-Davidson өкілетті дилерінің атауы мен мекенжайын 1-800-258-2464 (тек АҚШ бойынша) телефон нөміріне қоңырау шалып біле аласыз. Бүкіл әлем бойынша дилерлерді мына веб-тораптан қарай аласыз: see www.harley-davidson.com.