1. Дұрыс жүктелмеген мотоцикл. Ауыр радио қабылдағыштар, шамадан тыс үлкен жарықтандыру жабдықтары немесе дұрыс орналастырылмаған жүк сияқты стандартты емес жабдықтар тұрақсыз жүктеу жағдайларына себеп болады.
  2. Жїк (жүргізуші, жолаушы немесе механизм) максималды GVWR мәнінен асады.
  3. Зақымдалған шиналар немесе алдыңғы-артқы шина тіркесімінің дұрыс болмауы. Дилерге хабарласыңыз.
  4. Алдыңғы немесе артқы дөңгелекке қате, белгіленбеген шина орнатылды. Дилерге хабарласыңыз.
  5. Шина қысымы дұрыс емес.
  6. Алдыңғы шина протекторларының дұрыс болмауы немесе тозуы. Дилерге хабарласыңыз.
  7. Шина және дөңгелек балансталмаған. Дилерге хабарласыңыз.
  8. Амортизаторлар дұрыс жұмыс істемейді. Дилерге хабарласыңыз.
  9. Аспа реттеуі дұрыс емес.
  10. Дөңгелектің ось сомындары бос. Ұсынылған айналу сәтіне дейін бекітіңіз. Дилерге хабарласыңыз.
  11. Дөңгелек мойынтірегі шамадан тыс ойнайды. Дилерге хабарласыңыз.
  12. Шалқаймалы арқалық (рульдік механизм мойынтірегін реттеу) сипаттамаға сай емес. Тот басқан немесе тозған мойынтіректерді және сақинаны реттеп ауыстырыңыз. Дилерге хабарласыңыз.
  13. Артқы аша бұрылысының жинағы бұрылыс мойынтіректері дұрыс бекітілмеді немесе жиналмады немесе олар бос/тот басқан немесе зақымдалған. Дилерге хабарласыңыз.
  14. Қозғалтқыш бекітпелері және/немесе стабилизатор желілері бос, тозған немесе зақымдалған. Дилерге хабарласыңыз.