ХАБАРЛАНДЫРУ
Кабельдерді аккумулятордың клеммаларына дұрыс жалғаңыз. Дұрыс істемеу салдарынан мотоциклдің электр жүйесін зақымдауы мүмкін. (00215a)
1. Теріс және оң клеммаларға техникалық вазилинді немесе коррозия баяулатқышты жұқалап жағыңыз.
2. Аккумуляторды орнатыңыз.
3. Техникалық қызмет және майлау → Ажырату және шешу → Аккумулятор бауы көріңіз. Аккумулятор бауының үстін бекітпеге (2) орнатыңыз. Бау бекіткішін (1) орнатыңыз. Бекіту 8,1–10,8 N·m (72–96 in-lbs).
ЕСКЕРТУ
Аккумулятордың оң (+) полюсті кабелін бірінші жалғаңыз. Егер оң (+) полюсті кабель теріс (-) полюсті кабель жалғанған жерге тиіп кетсе, пайда болған ұшқын аккумулятордың жарылуына себеп болуы мүмкін, соның салдарынан адам өлімі болуы немесе ауыр жарақат алуы мүмкін. (00068a)
4. 1 суреті көріңіз. Оң клемма бұрамасын негізгі сақтандырғыш (1) арқылы орнатып, содан кейін оң кабельді (2) орнатыңыз. Бекіту 6,8–7,9 N·m (60–70 in-lbs).
5. Резеңке қапты клеммаға орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
2 суреті көріңіз. Теріс аккумулятор кабелін сақтандарғыш блогындағы сымдар ширағының астымен бағыттаңыз.
6. Бұраманы теріс аккумулятор арқылы теріс аккумулятор клеммасына орнатыңыз. Бекіту 6,8–7,9 N·m (60–70 in-lbs).
7. Негізгі сақтандырғышты орнатыңыз.
8. Сақтандырғыш блогын май багына орнатыңыз.
9. Сол жақ бүйір қақпақты орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ
Орындықты орнатқан соң, орындықтың жоғарғы жағынан жоғары қарай орнына түскенін білу үшін тартыңыз. Жүрген кезде бос тұрған орындық басқару жүйесінен айрылып, адам өліміне немесе ауыр жарақатқа себеп болуы мүмкін. (00070b)
10. Орындықты орнатыңыз.
1Негізгі сақтандырғыш кабелі
2Оң полюсті кабель
1 суреті. Оң полюсті клемма
2 суреті. Сақтандырғыш блогындағы сымдар ширағының астындағы теріс аккумулятор кабелі