Қосылған
Мотоцикл тұраққа қойылып, қозғалыссыз әрі оталдыру қосқышы OFF (Өшіру) күйіне болса, қауіпсіздік жүйесі 5 секунд ішінде автоматты түрде қосылады. Пульттің бар не жоқтығына қарамастан, жүйе қосылады.
Қосылған кезде бұрылыс сигналдары екі рет жыпылықтайды және сирена (жабдықталған жағдайда және дыбыстық сигнал режимінде болса) екі рет дыбыстық сигнал береді. Қосылған кезде спидометрдегі индикатор бірнеше секунд сайын жыпылықтайды.
Өшірулі
Пульт: пульт болғанда және оталдыру қосқышы IGNITION (Оталдыру) күйіне қойылған кезде, қосылған қауіпсіздік жүйесі автоматты түрде өшеді.
ЕСКЕРТПЕ
Мотоциклді тұрақтауға арналған аяқтан көтеру сияқты қозғалыс немесе NO FOB (Пульт жоқ) жағдайы жүйенің электрондық түрде пульттің бар-жоғын іздеуіне себеп болады. Пульт болғанда, жүйе өшеді. Жұмыс → Құралдар көріңіз.
Жүйе өшкен кезде сирена (жабдықталған жағдайда және дыбыстық сигнал режимінде болса) бір рет дыбыстық сигнал шығарып, қауіпсіздік индикаторы шамы бірнеше секунд жылдам жыпылықтап өшеді.
Өшірілген кезде жүргізуші мотоциклді жүргізе алады немесе тұраққа, сақтауға немесе техникалық қызмет көрсетуге дабылды өшірмей қоя алады.
PIN кодымен өшіру
Егер пульт орнында болмаса не байланыс орната алмаса, жүйе жеке идентификациялық нөмірмен (PIN) өшуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ
Егер PIN енгізу кезінде қате кетсе, тағы бір рет енгізуден бұрын, оталдыру қосқышын OFF (Өшіру) күйіне бұрып, қайта IGNITION (Оталдыру) күйіне қайтарыңыз.
  1. 1 суреті көріңіз. Қауіпсіздік индикаторы шамы жыпылықтаған кезде оталдыру қосқышын IGNITION (Оталдыру) күйіне бұрыңыз. Одометр терезесінде ENTER PIN (PIN енгізу) деп көрсетіледі.
  2. Одометр қосқышының түймесін басып босатыңыз. Бірінші сан орны жыпылықтайды.
  3. PIN кодының бес санын енгізіңіз.
    1. PIN кодының санын келесі санға өткізу үшін одометр қосқышы түймесін басып босатыңыз.
    2. Нөмірді енгізу үшін одометр қосқышы түймесін 1,5 секунд басып тұрыңыз. Дисплей PIN кодының келесі санына өтеді.
    3. PIN кодының барлық бес саны енгізілгенше қайталаңыз.
  4. ЕСКЕРТПЕ
    • Егер сан циклі 9-дан асса, сан 1-ден басталады.
    • Егер сандардың бірі тағайындалған PIN кодына сәйкес болмаса, қауіпсіздік жүйесі белсендіріледі.
  5. Көлік өшіріліп, іске қосуға дайын болады.
1Одометр терезесі
2Ауыстырып қосқыш түймесі
1 суреті. PIN кодын енгізу (PIN үлгісі көрсетілген)