Көлікті айырлары бұғаттаулы күйінде пайдаланбаңыз. Айырларды бұғаттау көліктің бұрылу мүмкіндігін шектеуі мүмкін, бұл өлімге не ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. (00035a)
ХАБАРЛАНДЫРУ
Көлігіңізді ұрланудан қорғаңыз. Тұраққа қойғаннан кейін мотоциклді құлыптамау ұрлану және/немесе жабдықтың зақымдалу қаупін тудыруы мүмкін. (00151b)
1 суреті көріңіз. Аша бекіткішінің тұтқасы құрал тұтқасында орналасқан. Мотоцикліңізді тұраққа қойғаннан кейін дереу аша бекіткішін пайдалану мотоцикліңізді рұқсатсыз пайдаланудан не ұрланудан қорғайды. Аша бекіткішінің тұтқасын кілтпен, кілт пультін құлыптау түймесімен немесе аққыш қақпағындағы электрлік құлып ауыстырып-қосқыштарымен құлыптауға болады.
ЕСКЕРТПЕ
Тұтқаны құлыптау үшін кілт немесе электрлік құлып қызметтерін пайдаланбас бұрын аша бекіткішінің тұтқасын LOCKED (ҚҰЛЫПТАУЛЫ) күйіне дейін айналдыру қажет. Тұтқаны LOCKED (ҚҰЛЫПТАУЛЫ) күйіне күш салып айналдыру тұтқаны зақымдауы мүмкін.
Аша бекіткішінің тұтқасы толықтай UNLOCKED (ҚҰЛЫПТАН БОСАТЫЛДЫ) күйіне орналасқанға дейін қозғалтқыш қосылмайды. Аша бекіткішінің тұтқасын UNLOCKED (ҚҰЛЫПТАН БОСАТЫЛДЫ) күйінен кез келген уақытта шығару қозғалтқыштың өшуіне әкеледі. Аша бекіткішінің тұтқасын мотоцикл тұраққа қойылған кезде ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Аша бекіткішінің тұтқасы LOCKED (ҚҰЛЫПТАУЛЫ) күйінде тұрмаған жағдайда қақпағын ашуға болмайды. Тұтқа LOCKED (ҚҰЛЫПТАУЛЫ) күйінде тұрмаған кезде қақпақты ашу ішкі аққыштарға зақым келтіруі мүмкін.