Негізгі сақтандырғыш
1 суреті қараңыз. Сақтандырғыштар блогының жанында 50 А негізгі сақтандырғыш орналасқан. Негізгі сақтандырғышты алғанда, стартерден/соленоидтан басқа барлық жүйеде қуат ажырайды.
Электр құрамдастардың зақымдалуына жол бермеу үшін, қуатты ажырату алдында мына электр жүйесін өшіру рәсімін пайдаланыңыз.
1. | Автоматты салпыншақтың бар екенін растаңыз. | |
2. | OFF/RUN (ӨШІРУ/ІСКЕ ҚОСУ) қосқышын RUN (ІСКЕ ҚОСУ) күйіне қойыңыз. | |
3. | Негізгі сақтандырғышты жалғағышынан алып тастаңыз. | |
ЕСКЕРТПЕ
Негізгі сақтандырғышты орнатпастан бұрын, OFF/RUN (Өшіру/Іске қосу) қосқышын OFF (Өшіру) күйіне қайта қойыңыз.
Жүйе сақтандырғыштары
ХАБАРЛАНДЫРУ
Сақтандырғышты алмастырудың ешқандай қадамын өткізбеңіз. Сақтандырғышты алмастыру қадамдарын өткізуден дыбыс жүйесі және/немесе мотоциклдің басқа жүйелері зақымдалуы мүмкін. (00223a)
1 суреті қараңыз. Сақтандырғыштар сол жақ бүйір қақпақтың астында орналасқан.
Егер сақтандырғышты алмастырудан ақау кетпесе, электр бөлшектерді Harley-Davidson дилерінен сұрап біліңіз.
1. | OFF/RUN (Өшіру/Іске қосу) ауыстырып-қосқышын OFF (Өшіру) деп басыңыз. | |
2. | Сол жақ бүйір қақпақты алыңыз. Техникалық қызмет және майлау → Бүйір қақпақтар
көріңіз.
| |
3. | Сақтандырғыш блогы қақпағының сол-оң жақтарындағы құлақшаларды басыңыз. Қақпақты алып тастаңыз. | |
4. | 2 суреті қараңыз. Сақтандырғышты алып, бөлшекті тексеріңіз. | |
| ХАБАРЛАНДЫРУ Әрдайым алмастыруға түрі мен ток күші бірдей сақтандырғыштарды пайдаланыңыз. Басқа сақтандырғыштарды пайдаланудан электр жүйелері зақымдалуы мүмкін. (00222a) |
5. | Бөлшек күйіп кетсе немесе зақымдалса, сақтандырғышты ауыстырыңыз. ЕСКЕРТПЕ Ауыстыруға автокөлікке арналған сақтандырғыштарды пайдаланыңыз. Сақтандырғыш блогынан қосалқы сақтандырғышты табуға болады. | |
6. | Сақтандырғыш блогының қақпағын орнына жабыңыз. | |
7. | Сол жақ бүйір қақпақты орнатыңыз. | |
1 суреті. Сақтандырғыш блогы (сол жақ қақпақтың астында)
2 суреті. Сақтандырғыштар және релелер