Калифорния штатында және таңдаулы халықаралық нарықтарда сатылатын барлық 2016 жылғы жаңа Harley-Davidson мотоциклдері отын буларының бөлінуін бақылайтын жүйемен жабдықталған. Бұл жүйе өндіріп шығару кезінде қолданыстағы CARB (Ауа ресурстарын қорғау жөніндегі Калифорния Кеңесі) және жергілікті ережелерге сәйкес келетіндей етіп жасап шығарылған.
Жүйе шағын техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қажет етеді. Шлангілердің дұрыс бағытталғанына, қысылып не бітеліп қалмағанына және барлық фитингілердің мықтап бекітілгеніне көз жеткізу үшін оларды мерзімді түрде тексеру қажет. Сонымен қатар бекіту элементтерінің мықтап бекемделгенін мерзімді түрде тексеріп отыру қажет.