24 ай/шексіз mi
2015 жылғы Harley-Davidson мотоцикліңізді қалыпты жағдайда пайдалану кезінде оның зауыттық материалдарында немесе мотоциклді жасау жұмыстарының сапасында қандай да бір ақаулықтар анықталса, Harley-Davidson компаниясы Harley-Davidson дилерінің ақауланған бөлшектерді ақысыз жөндеп не ауыстырып беретініне кепілдік береді. Мұндай ақауланған бөлшектерді жөндеу немесе ауыстыру осы шектеулі кепілдік шеңберіндегі Harley-Davidson компаниясының жалғыз міндеттемесі, ал сіз үшін құқықтарыңызды қорғаудың жалғыз және айрықша жолы болып табылады. Бұл шектеулі кепілдік тек төменде көрсетілген мерзім аралығында қолданылады.
МОТОЦИКЛ БОЙЫНША БАСҚА ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛДІКТЕР (ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ГАЗДЫҢ УЛЫЛЫҒЫ, ШУ ДЕҢГЕЙІ МЕН СӘУЛЕЛЕНДІРУ ДЕҢГЕЙІН ШЕКТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАСҚА) БЕРІЛМЕЙДІ. Коммерциялық пайдалылық немесе нақты бір мақсатқа жарамдылық бойынша кез келген жанама кепілдіктердің әрекет ету күші тікелей кепілдік мерзімінің ұзақтығы мен еліңіздегі кепілдік жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен орнатылатын мерзім ұзақтығының ішіндегі ең қысқа мерзіммен шектеледі. Ешбір жанама кепілдік мотоциклдің келесі сатып алушысына берілмейді.
Кейбір елдерде жанама кепілдіктің мерзіміне шектеу қоюға рұқсат берілмейді, сондықтан жоғарыдағы шектеу сізге қатысты қолданылмауы мүмкін.
ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ HARLEY-DAVIDSON КОМПАНИЯСЫ ДА, ОНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ДИЛЕРЛЕРІ ДЕ УАҚЫТ ШЫҒЫНЫ, ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАР, ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МОТОЦИКЛДІҢ ЖОҒАЛУЫ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР НЕМЕСЕ БАСҚА ДА КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ САЛДАР РЕТІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ЗАҚЫМДАР ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Кейбір елдерде кездейсоқ немесе салдар ретінде туындайтын зақымдарды қоспауға немесе шектеуге рұқсат берілмейді, сондықтан жоғарыдағы шектеу немесе ерекшелік сізге қатысты қолданылмауы мүмкін..
Бұл кепілдік сізге ерекше заңды құқықтар береді. Сондай-ақ еліңізге байланысты сіз басқа да құқықтарға ие болуыңыз мүмкін.
Келесі шарттар мен ережелер осы шектеулі кепілдікте қолданылады:
Пайдаланушы міндеттері
Кепілдік бойынша қызметті алу үшін шектеулі кепілдік кезеңінің ішінде мотоциклді Harley-Davidson өкілетті дилеріне өз қаражатыңыздың есебінен қайтарыңыз. Harley-Davidson өкілетті дилері өкілетті дилердің қызметтік қызмет көрсету бөліміндегі жұмыс режимі мен қажетті бөлшектердің қолжетімділігіне байланысты стандартты жұмыс уақытында кепілдікті рәсімдей алатын болуы қажет.