24 ай/шексіз mi
2018 жылғы Harley-Davidson мотоцикліңізді қалыпты жағдайда пайдалану кезінде оның зауыттық материалдарында немесе мотоциклді жасау жұмыстарының сапасында қандай да бір ақаулықтар анықталса, Harley-Davidson компаниясы Harley-Davidson дилерінің ақауланған бөлшектерді ақысыз жөндеп не ауыстырып беретініне кепілдік береді. Мұндай ақауланған бөлшектерді жөндеу немесе ауыстыру осы шектеулі кепілдік шеңберіндегі Harley-Davidson компаниясының жалғыз міндеттемесі, ал сіз үшін құқықтарыңызды қорғаудың жалғыз және айрықша жолы болып табылады. Бұл шектеулі кепілдік тек төменде көрсетілген мерзім аралығында қолданылады.
Бұл кепілдіктердің қандай да бір бөлігін ешкімнің, соның ішінде Harley-Davidson өкілетті дилерлерінің де өзгертуіне, толықтыруына немесе бас тартуына болмайды.
Осы кепілдіктердің шартына сәйкес сіз мотоцикліңізді Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей дұрыс пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және күтім көрсетуге жауаптысыз. Harley-Davidson компаниясы барлық техникалық қызмет көрсету жазбалары мен түбіртектерді сақтап қоюды ұсынады.
МОТОЦИКЛ БОЙЫНША БАСҚА ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛДІКТЕР (ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ГАЗДЫҢ УЛЫЛЫҒЫ, ШУ ДЕҢГЕЙІ МЕН СӘУЛЕЛЕНДІРУ ДЕҢГЕЙІН ШЕКТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАСҚА) БЕРІЛМЕЙДІ. Коммерциялық пайдалылық немесе нақты бір мақсатқа жарамдылық бойынша кез келген жанама кепілдіктердің әрекет ету күші тікелей кепілдік мерзімінің ұзақтығы мен еліңіздегі кепілдік жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен орнатылатын мерзім ұзақтығының ішіндегі ең қысқа мерзіммен шектеледі. Ешбір жанама кепілдік мотоциклдің келесі сатып алушысына берілмейді.
Нақты бір мақсатқа сәйкестік бойынша жанама кепілдік мотоцикліңіз жарыстар үшін пайдаланылса және мотоцикліңіз жарыс үшін жабдықталған болса да қолданылмайды.
Кейбір елдерде жанама кепілдіктің мерзіміне шектеу қоюға рұқсат берілмейді, сондықтан жоғарыдағы шектеу сізге қатысты қолданылмауы мүмкін.
ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ HARLEY-DAVIDSON КОМПАНИЯСЫ ДА, ОНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ДИЛЕРЛЕРІ ДЕ УАҚЫТ ШЫҒЫНЫ, ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАР, ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МОТОЦИКЛДІҢ ЖОҒАЛУЫ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР НЕМЕСЕ БАСҚА ДА КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ САЛДАР РЕТІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ЗАҚЫМДАР ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Harley-Davidson компаниясы мен сіздің дилеріңіз уақытыңыз бен қаражатыңыздың кетуіне, кез келген қолайсыздықтарға, көлігіңіздің жоғалуына немесе мотоцикліңіздің пайдаланылуыга, жалға алынған мотоцикл, отын, жол жүру, тамақтану немесе тұрғын үйді жалға алу бойынша шығындарға және басқа да кездейсоқ немесе салдар ретінде туындауы мүмкін зақымдарға жауапты емес.
Сәйкес заң компанияның немесе дилерлердің жауапкершілікті шектеу туралы ескертпесіне тыйым салмайынша, айыппұлдар, жазалау ретінде салынатын шығындар немесе күрделі шығындарды қалпына келтірілмейді. Сіз класс өкілі ретінде, жалпы жеке уәкілетті тұлға ретінде, шағым жасаушылар класының мүшесі ретінде немесе кез келген басқа өкілді органдардағы лауазымда кепілдік бойынша ақы талап ете алмайсыз. Harley-Davidson компаниясы кез келген өнімдерді және/немесе қызметтерді жеткізу немесе жабдықтаудың кідіртілуінен туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
Кейбір мемлекеттерде кездейсоқ не жанама шығындарға жауап бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген шектеулер не ерекшеліктер сізге қатысты болмауы мүмкін.
Осы кепілдеме сізге арнайы заңды құқық береді, сонымен қатар әр мемлекетте әртүрлі болатын басқа да құқықтарға ие болуыңыз мүмкін.
Келесі шарттар мен ережелер осы шектеулі кепілдікте қолданылады: