Мотоцикліңіз этилденбеген бензин арқылы ең жақсы көрсеткіш пен тиімділікті көрсету үшін жасалған. Көптеген бензин қышқыл қоспаны жасау мақсатында алкогольмен және/немесе эфирмен араластырылады. Жанармайға қосылатын алкоголь немесе эфир түрі мен мөлшері өте маңызды болып табылады.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Метанол қамтылған бензинді пайдаланбаңыз. Солай жасар болсаңыз, отын жүйесі компонентінің істен шығуына, қозғалтқыштың зақымдалуына және/немесе жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуіне алып келуі мүмкін. (00148a)
Бензин/МЕТИЛ-ТРЕТ-БУТИЛ ЭФИРІ (MTBE) қоспасы 15 пайыз MTBE сияқты бензин қоспасы болып табылады. Бензин/MTBE қоспасын мотоцикліңізге пайдалану бекітілген.
ЭТАНОЛ отыны этанол (этил спирті) мен этилденбеген бензин қоспасы болып табылады және отын тиімділігіне ықпал етуі мүмкін. 10 пайызға дейінгі құрамында этанолы бар жанармай түрлері көліктің жүру көрсеткішіне әсерін тигізбестен мотоцикліңізде пайдаланылуы мүмкін. АҚШ ҚОҚА ағымдағы ережелері құрамында 15 пайыз этанолы (E15) бар жанармай түрлерін осы жарияланым уақытында мотоциклдерде пайдалануға шек қойылатындығын сипаттайды. Кейбір мотоциклдер белгілі бір елдердегі отын стандарттарына сай болу үшін жоғары этанол концентрацияларымен жұмыс істеу мақсатында калибрленеді.
ҚАЙТА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН НЕ ОТТЕКПЕН ТОЛТЫРЫЛҒАН БЕНЗИН (RFG) басқа бензинге қарағанда таза күйінде жану үшін жасалған бензинді қоспаны сипаттайды. Бұл пайдаланылған шығаратын түтік төмендеуіне алып келеді. Сонымен бірге, олар бакті толтыру кезінде азырақ булану үшін жасалған. Түрлендірілген бензин газды оттекпен толтыру үшін қоспаларды пайдаланады. Осы жанармай арқылы мотоцикліңіз қалыпты түрде жүретін болады. Harley-Davidson мұны қоршаған орта ауасын тазартуға көмек ретінде жиі пайдалануды ұсынады.
Жарыс жанармайын не метанол қамтылған жанармайды пайдаланбаңыз. Осы отындарды пайдалану отын жүйесін бұзады.
Harley-Davidson үшін пайдалануға бекітілген қоспалардан басқа қоспаларды пайдалану қозғалтқышты, жанармай жүйесі мен басқа да компоненттерін зақымдауы мүмкін.
Кейбір бензинді қоспа іске қосылуына, автокөліктің жалпы басқару механизміне немесе отын тиімділігіне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін. Егер осы ақаулардың кез келгені кездессе, басқа бензин брендін не октан құрамы жоғары бензинді пайдаланыңыз.